13 күн демалыс: Қазақстандықтар мамыр айында қай күндері демалады
13 күн демалыс: Қазақстандықтар мамыр айында қай күндері демалады
5 жыл бұрын 3614

Қазақстанда төтенше жағдай болғанына және көптеген компаниялардың жұмысы тоқтағанына қарамастан, жұмыс істеп, қиын уақытта демалуды армандайтындар да бар. Бұл жайында stan.kz ақпарат көзі хабар таратты. Сонымен, мамырдың қай күндері демалыс?

2020 жылдың мамыр айында қазақстандықтар үш мерекені атап өтеді: Қазақстан халқының бірлігі күні - 1 мамыр. Бұл күн жұма күніне түседі; Отан қорғаушы күні - 7 мамыр бейсенбіге келеді; Жеңіс күні - 9 мамыр, бұл күн сенбіге келеді. Олардың барлығы мемлекеттік мерекелер. Қазақстан Республикасында ұлттық және мемлекеттік мерекелер атап өтілетін күндер демалыс болып саналады.

9 мамыр демалыс күніне келетіндіктен, ол күннің демалысы 11 мамырға ауысады. Бірақ Қазақстан Республикасының үкіметі қазақстандықтарға ыңғайлы болу үшін демалыс күнін 11 мамырдан 8 мамырға ауыстырды. Осылайша, қазақстандықтар: бес күндік жұмыс аптасында - 1, 2, 3 мамырда демалады, 4, 5, 6 - жұмыс істейді, 7, 8, 9, 10 демалады. 11 мамырдан бастап  жұмысқа кіріседі.

Алты күндік жұмыс аптасында: 1 мамыр  демалады, 2 мамыр - жұмыс істейді, 3 - демалады, 4, 5, 6 - жұмыс істейді, 7 мамыр демалады, 8 - жұмыс істейді, 9, 10 мамыр демалады. 11 мамырда жұмысқа шығады.

0 пікір
Мұрағат