Зімбір түрлі ауруға ем
Зімбір түрлі ауруға ем
9 жыл бұрын 26568 baq.kz

Зімбірдің (имбир) құрамындағы эфир майлары мен амин қышқылдары иммунитетті нығайтып, тұмау мен вирустарға қарсы тұруға септігін тигізеді.

Зімбірдің тамыры аспоргин, холин, бетокоратин сияқты пайдалы компонеттерге бай. Ол жүкті әйелдердің жеріктігін басады. Сондай-ақ, балалардың асқа деген тәбетін ашады. Құрамында еркін радикалдармен және ісікпен күресетін антиоксиданттар бар. Зімбірді шикілей болмаса кептірілген, қуырылған түрінде қолдануға болады. Зімбірдің тамырын үгітіп немесе кесектеп шаймен қайнатып ішкен ағзаның зат алмасуын жеделдетіп, сергектік сыйлайды.

Холестерин азайып, артық салмақтан арылуға көмектеседі. Мұндай сусынды дайындау үшін әуелі тамырды жақсылап жуып алу керек. Исі сіңіп кетпеу үшін ағаш тақтайға емес, пластиктен жасалған тақтайда кескен дұрыс. Ал, қабығын аршыған кезде неғұрлым жіңішке етіп турасаңыз, құрамындағы дәрумендері соғұрлым көбірек сақталып қалады. Одан кейін үккіштен өткізіп, ұсақтау керек. Бір қасық зімбірді қайнаған сумен бұқтырып қою керек. Құрамында С, В1, B2, B3 дәрумендері, кальций, магний, натрий және темірі бар зімбір қайнатпасын шайға қосып ішкен пайдалы. Мамандардың айтуынша бұл сусын бет терісін жасартып, қабынуды басады.

0 пікір
Мұрағат