Ылғал жетіспеген немесе зақымданған кездегі өсімдіктердің «жанайқайы» таспаға тартылып қалды (видео)
Ылғал жетіспеген немесе зақымданған кездегі өсімдіктердің «жанайқайы» таспаға тартылып қалды (видео)
2 жыл бұрын 1505 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қызанақ пен темекі өсімдіктерін зерттеу нәтижесі олардың ылғал жетіспегенде немесе зақымданған кезінде ультрадыбыстық сигналдар шығаратынын көрсетті. Бұл жайында islam.kz порталы nypost.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Нақтырақ әрі тарқатып айтсақ, зақымдалған немесе ылғал жетіспегенде аталған өсімдіктердің шығаратын дыбысы адамның есту қабілеті үшін тым жоғары жиіліктегі қол шапалақтауға ұқсайды. Бұл тараптағы тәжірибе нәтижесі көрсеткендей, сау-саламат өсімдік орташа есеппен сағатына бір мәртеден кем «шапалақ ұрады». Ал стреске түскенде – 11-ден 15 ке дейін қайталанады. Қызанақ құрғақшылықтан зардап шеккенде сағатына 40-тан аса «шапалақ ұратыны» белгілі болды. Ғалымдар, сондай-ақ, бидай (Triticum aestivum), жүгері (Zea mays) және кактус (Mammillaria spinosissima) өсімдіктерінің де «жанайықайын» тіркеген екен. Адамдар техниканың көмегінсіз ультрадыбысты шапалақты ести алмағанымен түрлі сүтқоректі хайуандар мен жәндіктер және өзге өсімдіктер бұл «жанайқайды» еститінін әрі оған реакция танытатынын алға тартып отыр. Ғалымдар бұл бағыттағы зерттеу нәтижесін 2019 жылы bioRxiv preprint дерекқорында бөліскен екен, алайда, аталмыш зерттеу рецензиядан енді өткен. Ғалымдардың айтуынша, келешекте дихандар мен шаруалар астықты өсімдіктердің ылғал тапшылығынан зардап шекпесі немесе ауруға шалдықпасы  үшін бақылау-тіркеу құрылғылары мен жасанды зерде (AI) мүмкіндіктерін қолдануы мүмкін. Құрғақшылықтан зардап шеккен өсімдіктер өсімдіктің тамырлы тінінде ауа көпіршіктері пайда болатынын және ыдырайтын кавитация процесі жүретінін айта кетпекпіз. Өсімдікке таңылған немесе бекітілген құрылғы зардап шеккен немесе зақымдалған өсімдіктің «шапалақ ұруын» тіркейді.  Ғалымдар микрофонды өсімдіктен шамамен 10 см қашықтықта қою арқылы оның дыбысының жазбаларын жинағанын ескерсек, сүтқоректілер мен жақсы еститін жәндіктер олардың «жанайықайын» 3-5 метр қашықтықтан естиді.

0 пікір
Мұрағат