«Уақыт жасушасы» табылды
«Уақыт жасушасы» табылды
4 жыл бұрын 3596 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Адам миынан «уақыт жасушасы» табылды. Адамның көңіл хошы болғанда уақыттың қалай жылдам өтіп кеткендей немесе уақыт баяу өтіп жатқандай әсерде қалдыратын, яғни, адамның уақытты қабылдауына жауапты жасуша табылды. Аталмыш жасуша, сондай-ақ, естеліктің білгілі бір ретке келіп, жүйелі сипат алуына көмектеседі. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Proceedings of the National Academy of Sciences мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар бұл жасушаны «уақыт жасушасы» деп атап отыр. Дәлірегі, ол адамның бастан кешкендерінің естелік болып қалыптасуы үшін «уақытты тіркеп» отырады. Бұл жайт өз кезегінде қандай да бір оқиғаны немесе бастан өткен түрлі сезім мен күйді жүйелеуге мүмкіндік береді. Осынау зерттеуге атсалысқан Далластағы Техасс университетінің оңтүстік-батыс медицина орталығының  нейрохирургы Бредли Леганың айтуынша, «уақыт жасушасы» уақыт индексациясы арқылы естелікке мән дарытады. Осы тұста «уақыт жасушасы» осыдан бірнеше ондаған жыл бұрын кеміргіштерден де табылғанын айта кетпекпіз. Бұл жаңалық адам бойынан көрініс тапқанда құнды екенін ескертіп өткен болатын Нью-Йорк жоғарғы оқу орнының неврология профессоры Дьерд Бужаки. Аты аталған ғалым да осындай себеппен аталмыш зерттеуге өз үлесін қосқан еді. Ғалымдар «уақыт жасушасын» эпилепсияның (талманың) ауыр түрімен сырқаттанатын науқастардың, дәлірегі, 27 пациенттің миын егжей-тегжейлі зерттеген кезде тапқан еді. Ота жасар алдында науқастардың бағыт-бағдар мен жадыға және уақытты қабылдауға жауапты ми бөлігі осы заманғы озық технологияның көмегімен зерделенген болатын. Дәлірегі, гиппокамп пен мидың бағыт-бағдарға, жадыға, уақытты қабылдауға жауапты өзге бөліктері электродпен зерделенді. Гиппокамп – мидың лимбикалық жүйесінің және гиппокамптық формациясының бір бөлігі. Ол эмоцияның қалыптасуына, жадының консолидациясына (яғни, қысқа мерзімді жадыны ұзақ мерзімді жадыға айналдыру), сонымен қатар, кеңістік жадысының тетігіне (бағыт-бағдар алу) ықпал етеді. Ғалымдар тәжірибе арқылы адам көңіл күйіне қарай «уақыт жасушасы» ырғағының бірде баяулап, енді бірде жылдам болатынына көз жеткізген. Бір күн бір жылға татитындай ұзақ көрінуі мүмкін немесе бір жыл бір күндей өте шығуы мүмкін... 

(ықшамдалып алынды – ред.)

0 пікір
Мұрағат