Тұқымдар өздерін өздері отырғызады: тұқымдардың топыраққа көмілуіне көмектесетін экзоқаңқа жұртшылық назарына ұсынылды (фото+видео)
Тұқымдар өздерін өздері отырғызады: тұқымдардың топыраққа көмілуіне көмектесетін экзоқаңқа жұртшылық назарына ұсынылды (фото+видео)
7 ай бұрын 1162 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Халықаралық ғалымдар тобы тұқымдарды роботтарға немесе боттарға айналдырды. Арнайы экзоқаңқа қабықшасының арқасында кез келген тұқым өзін жерге көме алады. Бұл әуеден егістіктерді егіп, тіпті, дрондар арқылы орман отырғызудың жақсы әрі арзан әдісіне жол ашады. Бұл туралы islam.kz порталы өз кезегінде Onlinelibrary және Noworries.news ақпарат көздеріне жөн сілтеген east-fruit.com сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Экзоқаңқадағы тұқымдар жай ғана аумаққа шашырайды, содан кейін олар жер қойнына жасырылады. Италияның технологиялық институты мен Фрайбург неміс университетінің ғалымдары интеллектуалды тұқым қабығын жасау үшін жабайы сұлы (Avena sterilis) тұқымдарының ерекшелігіне назар аударған. Бұл өсімдіктің әрбір тұқымы қылшықтары мен екі үлкен антеннасы, яғни, мұртшалары бар қабықшада болады. Топырақта ылғалдылықтың өзгеруінің әсерінен мұртшалары айнала бастайды және тұқымдарды жердегі ең жақын жарықшақтарға бағыттайды. Қылшық тұқымдардың сырғып кетуіне жол бермейді, ал бұтақтардың айналуы дәнді тереңірек итеріп, оның өнуіне қолайлы жағдай жасайды. Ғалымдар мұндай экзоқаңқаны HybriBot деп атады. Қабық пен мұртша ұн мен судан (қамырдан) жасалғандықтан топырақққа түскен соң толығымен ыдырайды. Кептіруден кейін капсула этилцеллюлозамен қапталған, ол - суда ерімейтін және экологиялық таза биополимер. Ғалымдар жабайы сұлыдан нағыз мұртшаларды ала алды. Капсуладағы қылшық түктер да табиғи. Осындай бір боттың салмағы 60 мг болды. Ғалымдар бұл технология болашақта ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығында қолданылуы мүмкін екенін алға тартып отыр.

0 пікір
Мұрағат