Түнгі тер аса қауіпті аурудан хабар беруі мүмкін
Түнгі тер аса қауіпті аурудан хабар беруі мүмкін
3 жыл бұрын 2316 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Түнде ағыл-тегіл терлеу лейкемия (ақ қан, яғни, қан обыры) дертінің пайда болғанынан хабар береді. Британиялық Blood Cancer UK қайырымдылық қорының ғалымдары осындай тұжырымға келіп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы Express ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әдетте мұндай жағдай менопауза кезінде әйелдердің басында кездесіп жатады. Яғни, әйелдердің бала көтеруге қабілеті сөнетін менструалды кезеңінің түпкілікті тоқтауы кезінде орын алатындықтан мұндай хал ұзаққа созылмайды, дәлірегі, уақытша түнде терлеп шығады. Ал түнде мұндай қолайсыздық тұрақты қайталанса, онда ол қанның қатерлі ісіген хабар береді. Ғалымдар бұл тарапта арнайы жүргізілген зерттеу барысында лейкемиядан азап шегетін екі мыңнан аса науқастың жай-күйін егжей-тегжейлі сұрап, сауалнама жүргізген екен. Белгілі болғандай, олардың 31%-ы ауруды аңғармай тұрып түні бойы ағыл-тегіл терлеп шығатанын жеткізген. Түнде ағыл-тегіл терлеу өз кезегінде организмнің аурумен күресуге талпынысының бір көрінісі ретінде бағаланып отыр.

Ұқсас материалдар:

«Ақ қан ауруының өзгеше симптомдары аталды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/aq-qan-auruynyn-ozgeshe-simptomdary-ataldy-14445/#gsc.tab=0);

«Ем қонбайтын қанның қатерлі ісігіне қарсы амал табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/em-qonbaityn-qannyn-qaterli-isigine-qarsy-amal-tabyldy-12823/#gsc.tab=0);

«Қан тобы мен қатерлі ісік арасында да байланыс бар болып шықты» (https://islam.kz/kk/news/gylym/qan-toby-men-qaterli-isik-arasynda-da-bailanys-bar-bolyp-shyqty-14962/#gsc.tab=0);

«Аса қауіпті лейкемияның пайда болу себебі анықталды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/asa-qauipti-leikemiyanyn-paida-bolu-sebebi-anyqtaldy-14763/#gsc.tab=0);

 

0 пікір
Мұрағат