Тұйық адамдарда алжу қатері жоғары болады – зерттеу
Тұйық адамдарда алжу қатері жоғары болады – зерттеу
3 жыл бұрын 2156 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Британ ғалымдары жады мен конгнитивті қабілетке жауапты ми құрылымындағы өзгерістердің әлеуметтік оқшауланумен тікелей байланысты болатынын анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы sciencedaily.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Көпшіл әрі сөзшең адамдармен салыстырғанда тұйық адамдардың егде жаста  алжу ауруына ұшырау қатері жоғары болатыны белгілі болды. Олар Ұлыбританияның Биобанкіндегі 30 000-нан астам адамның нейробейнелік деректерін талдаған кезде осындай қорытындыға келді. Ғалымдар әлеуметтік оқшауланған адамдардың миының есте сақтау мен оқуға жауапты аймақтарында сұр заттың аз екенін анықтады. Содан кейін ағылшын ғалымдары салыстырмалы әлеуметтік оқшаулану мен жалғыздықтың деменция (алжу) жағдайларымен байланысын зерттеу үшін моделдеу әдістерін қолданып көрді. Бұл тарапта пациенттердің созылмалы ауруларын, өмір сүру салтын және күйзелістің болуы сияқты біршама қауіпті факторларын ескере отырып, тұйық адамдардың алжу ықтималдылығының 26% жоғары болатынын анықтады. Осы тұста бұл арада жалғыздықтан жапа шеккен адамдар туралы емес, обьективті себептермен әлеуметтен оқшауланатын адамдардың аталған ауруға ұшырау қатері туралы сөз болып отырғанын айта кетпекпіз.

0 пікір
Мұрағат