Токсоплазма паразиті туралы (видео)
Токсоплазма паразиті туралы (видео)
4 жыл бұрын 3026 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

ACS Nano ұйымының ғалымдары жұққан кезде сүт қоректінің тінінде токсоплазманың қалай шапшаң қозғалатынын таспаға тартып алып, зерделеген екен. Микроорганизм адамдардың көбісіне зиянын тигізбейді, алайда, иммунитеті әлсіреген адамды алып ұратын, тіпті, ажалына себеп болатын қауқарға ие. Бұл жайындағы зерттеу барысы мен нәтижесі аталмыш ұйымның сайтында жарияланды.

Үйіңізде мысық ұстасаңыз, токсоплазма парахиты туралы біле жүргеніңіз жөн: нәжістен адамға жұғады. АҚШ-тың аурулардың алдын алу және бақылау жөніндегі орталық келтірген дерекке қарағанда, адамзаттың шамамен 11%-ы және әлемнің кей түкпірінде тұрғындардың 60%-ы токсоплазма жұқтырған. Паразит сүт қоректілердің көбісіне ұғады, тек мысықта ғана жыныстық шағылысу арқылы жұғады. Организмге енген соң оосцит қабықшасы ас қорыту ферментінің әсерімен шытынай жарылып, паразит босап шығады. Осыдан кейін паразит тахизоит кезеңіне өтеді, яғни, жасушаның ішінде шапшаң орын ауыстырып, өсіп-өнеді, артынан күллі организмге тарайды. Изабель Тардье есімді ғалым мен оның әріптестері титтей тахизоиттің тіндердің беткі жағынан қалай шапшаң қозғалатынын зерделеп көрген екен. Нақты уақыт аралығында бейнені көз алдыңа әкелетін 2D және 3D әдісімен микроскоптың көмегіне жүгінген. Ғалымдар бұл бағыттағы зерттеу барысында паразиттерді жасушадан тыс матриксті (тіндегі жасушаны қоршап тұратын ақуыздардың тығыз жүйесі) имитациялайтын коллаген талшығы арқылы зерделеген екен. Тахизоиттер коллагендік желі арқылы қысыла-қымтырыла жылжыған. Жасуша денесі кішірейгенде паразиттер серіппелі қимылмен алға ұмсынған. Ғалымдардың топшылауынша, паразиттердің бұлайша қимылға баруын қарапайым және коллагендік талшықтар арасындағы байланыстың өзіндік ерекшелігі бар қалыптасуымен және ажырауымен байланыстырыпы түсіндіреді.

(ықшамдалып алынды)

0 пікір
Мұрағат