Титтей микроскоп бас сүйек арқылы ми жасушаларының қалай жұмыс істейтінін көруге мүмкіндік береді (видео)
Титтей микроскоп бас сүйек арқылы ми жасушаларының қалай жұмыс істейтінін көруге мүмкіндік береді (видео)
2 жыл бұрын 1698 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Микроскоптың схемасы мен моделі және бақылау деректері. Кескін: Alexandr Klioutchnikov et al., Nature Methods

Инженерлер тышқанның миын нақты уақытта зерттей алатын екі граммдық микроскоп жасады. Бұл жайында islam.kz порталы nature.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Макс Планк атындағы мінез-құлық неврологиясы институтының зерттеушілері құрастырған өте шағын микроскоп  кеміргіштің басына орнатылып, мидың барлық қабаттарындағы нейрондардың белсенділігін талдай алады. Ғалымдардың түсіндіруінше, күрделі мінез-құлықтың қалай қалыптасатынын түсіну үшін табиғи жағдайда бақылаулар жүргізу қажет. Жаңа құрылғы қашықтан жұмыс істейді, жануарлардың еркін қозғалысына кедергі жасамайды және қоршаған ортамен әрекеттесу процесінде ми қызметін талдай алады. Құрылғы үш фотонды фаралық микроскоп болып табылады. Оның салмағы небәрі екі грамм, алайда, ми қыртысының барлық қабаттарында бір жасушаның көмегімен нейрондардың белсенділігін қадағалауға мү мкіндік береді. Оны қашықтан басқаруға болатындықттан тәжірибедегі кеміргіштің мінез-құлқы өзгермейді. Ұқсас түрлерінен айырмашылығы - құрылғы жарықтандырылған жағдайда жұмыс істей алады, ал микроскоптың модулдік конструкциясы жоғары функциялық визуалдау мүмкіндігімен қамтамасыз етеді. Құрылғының қалай жұмыс істейтінін тексеру үшін зерттеушілер тышқандардың ми қыртысының төртінші және алтыншы терең қабаттарында зерттеу жүргізді. Бұл тараптағы тәжірибе кезінде кеміргіштердің кеңістікте бағдар алуына құрылғы кедергі келтірмеген. Ғалымдар түрлі қабаттардағы жүйке жасушаларының қоршаған ортаның қаншалықты жарық немесе қараңғы болуына байланысты құбылатынын анықтады.

0 пікір
Мұрағат