Тірі тінге дәріні жеткізіп, оны сәуле көмегімен белсендіретін имплантант жасалды
Тірі тінге дәріні жеткізіп, оны сәуле көмегімен белсендіретін имплантант жасалды
4 жыл бұрын 2459 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар бұл бағытта белсендірілетін молекула жарығы мен оптоталшықты пайдаланған. Бұл жайында islam.kz порталы шетелдік ғылыми мерзімді басылымдарға сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әдетте дәріні дәстүрлі тәсілмен қабылдаған кезде оның әсері күллі организмге таралы. Яғни, дәрінің әсері кей ағзаларға теріс әсерін тигізіп жатады, дәлірегі, ауырған жерді емдеймін, өзге ағзаны зақымдайды, осылайша ауру үстіне ауру жамап алу қатері жоғары. Осыны ескерген ғалымдар дәріні тек ауру меңдеген жерге жеткізудің баламалы нұсқаларын қарастырып жүр. Массачусет технологиялық институтының ғалымдары дәріні діттеген жерге жеткізудің тың тәсілін ұсынып отыр. Сәуленің әсеріне ұшырағанда өзгешелігін өзгертетін, яғни, фотолық тұрғыдан іске қосылатын немесе ажыратылатын молекуланы пайдалануды ұйғаратын аталмыш тәсілде тек сәуленің әсерімен дәрі өз әсерін тарататын болады. Яғни, дәрілік зат қан айналымында немесе ас қорытылғанда болатын қозғалыс кезінде емес, организмнің ауру дендеген тұсына жеткенде белсенді әрекетке көшеді. Алайда, оны діттеген жеріне жеткенде  белсендіру үшін жарықтың көзі керек. Ғалымдар бұл мақсатта арнайы құрылғы жасады. Біріктірілген бірнеше материалдардан аса жіңішке екі талшықтан тұратын. Оның біреуі дәріні керекті жеріне жеткізсе, екіншісі дәрінің молекулаларын белсендіретін оптикалық талшық ретінде алға шығады. Бұл бағытта тышқанға жүргізілген тәжірибе сәтті аяқталды.

0 пікір
Мұрағат