«Тірі пломбы» тісте тікелей эмал қалыптастырады
«Тірі пломбы» тісте тікелей эмал қалыптастырады
1 жыл бұрын 1361 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Уашингтон университетінің ғалымдары діңгекті жасушалардан жасанды тіс эмалін өсіру технологиясын әзірледі. Ғалымдар жойылған эмалдың орнына кариозды қуыстарда жаңа эмал өсіруді мақсат еткен еді. Бұл жайында islam.kz порталы techcult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Тіс эмалін амелогенин мен эмалин ақуыздарын синтездейтін амелобластар деп аталатын арнайы жасушалар қалыптастырады. Минералданғаннан кейін олардың комбинациясы эмалға айналады. Қиындық мынада - амелобластар тек тістің пайда болу кезеңінде жұмыс істейді, содан кейін олар жойылады, мінеғ осындай себеппен ғалымдар бұл процеске араласып отыр. Жекелеген жасушаларды комбинаторлық жолмен индекстеу арқылы РНҚ секвенциясы сияқты технологияларды пайдалана отырып, америкалық ғалымдар амелобластардың бүкіл тіршілігінде орын алған гендердегі өзгерістерді зерттей алған екен. Осылайша олар бұл жасушалардың діңгекті жасушалардан қалай пайда болатыны туралы нақты дерекке ие болды. Содан кейін ғалымдар діңгекті жасушаларды амелогенин мен эмалинді қажетті ақуыздарды синтездейтін органоидтарды жасайтындай етіп түрлендірді. Осындай жолмен алынған ақуыздар тіс эмалының бір түріне айналды. Бұл жаңалық - ғылымның елеулі жетістігі. Жаңа материал табиғи материалдан ерекшеленеді, алайда, ең маңыздысы, оның жасалу процесін адамдар басқара алады. Бұл «тірі пломбаларды» әзірлеуге мүмкіндік бермек – кариозды (қазақша айтққанда, зақымдалған) жерлерге орналастырылады және өскен сайын оларды эмалмен жабады. Бәлкім, болашақта бұл жаңалық жойылған тістердің орнына жаңа тістерді өсіруге мүмкіндік беруі мүмкін.

Ұқсас материалдар:

«Тіс эмалін қалпына келтірудің жолы табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/tis-emalin-qalpyna-keltirudin-joly-tabyldy-14544/#gsc.tab=0);

«Түсіп қалған тістің орнына тіс өсірудің тәсілі табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/tusip-qalgan-tistin-ornyna-tis-osirudin-tasili-tabyldy-15078/#gsc.tab=0);

«Тіс тазалайтын нанороботтар жасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/tis-tazalaityn-nanorobottar-jasaldy-16902/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат