Терминатор робот жасалды. Ол балқып, қайта қалпына келеді (фото+видео)
Терминатор робот жасалды. Ол балқып, қайта қалпына келеді (фото+видео)
2 жыл бұрын 1430 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Инженерлер сұйық және қатты күйлер арасында жылдам және қайтымды (кері) ауысатын миниатюралық (шағын) роботтарды жасады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш технологияның сипаты жарияланған Matter мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Халықаралық ғалымдар тобы роботтарға олардың тұтастығын сақтай отырып, екі физикалық күй арасында ауысуға мүмкіндік беретін фазалық ауыспалы материал әзірледі. Сұйық металдан жасалған роботтар төзімді болып шықты және темір тордан қашып қана қоймай, өзге де қиын кедергілерден сәтті өткен. Қажетті қасиеттерге ие сұйық металды жасау үшін инженерлер неодим, бор және темірден магниттік бөлшектерді салыстырмалы түрде төмен балқу температурасы бар металға (шамамен 29,76 ° C) енгізді. Бұл бөлшектер бірден екі тапсырманы орындайды; әзірлеушілер түсіндіруінше, олар агрегаттық күйлер мен басқару қозғалыстары арасында ауысуды қамтамасыз етеді. Ішінде магниттік бөлшектері бар металдың айнымалы өріске сезімталдығы жоғары. Сондықтан индукцияның көмегімен материалды қыздыру және фазалық ауысуды индукциялау оңай. Сонымен қатар, мұндай роботтардың қозғалысын магниттер арқылы басқаруға болады. Әдеттегі роботтар шартты түрде қатты және икемге келетін роботтар болып екіге бөлінеді. Біріншілері қатты әрі осылайша тұрақтылыққа ие, ал екіншісі қозғалу мен өзгеруге бейім. Бұл екеуінің де тиімді және тиімсіз жақтары бар. Табиғатта, керісінше, ағзалар әдетте қаттылықтың динамикалық өзгерістеріне сүйенеді, деп түсіндіреді ғалымдар. Мысалы, теңіз қияры стреске төтеп беру және зақымданбас үшін тінінің қаттылығын өзгертіп, құбылта алады. Гибридті роботтың мүмкіндіктерін көрсету үшін зерттеушілер бірқатар сынақтардың нәтижесінде оған кедергілер мен тосқауылдар қойылды. Роботтар магнит өрісін пайдаланып, арықтардан секірді, қабырғаларға көтерілді, тіпті, қайта жиналмас бұрын басқа нысандарды бірге жылжыту үшін екіге бөлінді. Бұл тараптағы тәжірибелердің бірінде гуманоид робот «Терминатор 2» фильміндегідей темір торлардан шығып, өзін біртұтас етіп жинау үшін сұйық күйге енді. Сонымен қатар, инженерлер сұйық микроробот дәрі-дәрмекті имитацияланған асқазанға жеткізе алатынын немесе бөтен заттарды алып тастай алатынын, сондай-ақ кішкентай микросұлбаларды дәнекерлеп, құрастыра алатынын көрсетті. Ғалымдар бұл технологияны іс жүзінде қолдану мүмкіндіктерін кеңейту бойынша жұмысты жалғастырады

Теңіз қиярының қаттылығын өзгерту принципі (а), ұқсас қасиеттері бар материалды техникалық жүзеге асыру (б) және тәжірибелік сұйық металл роботтары (c-e). Кескін: Qingyuan Wang et al., Matter

New Scientist Default Image

New Scientist Default Image

 

0 пікір
Мұрағат