Терезе әйнегінің шаң-тозаңнан өздігінен тазаруына септесетін жабынды жасалды
Терезе әйнегінің шаң-тозаңнан өздігінен тазаруына септесетін жабынды жасалды
2 жыл бұрын 3183 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Титан жабыны күн панельдерін және терезе әйнегін өздігінен тазартады. Бұл жайында islam.kz порталы fep.fraunhofer.de ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Германиядағы Фраунгофер органикалық электроника, электронды сәуле және плазмалық технологиялар институтының инженерлері күн панелдерін шаң-тозаңнан және өзге де ластаушы заттардан тазартуға көмектесетін ультра жұқа титан оксидінің жабынын ойлап тапты. Қаптаманың жұмыс принципі күннің уақыты мен жарықтандыруға байланысты суға әртүрлі реакцияға негізделген. Жабындының негізгі құрамдас бөлігі - титан оксиді әдетте суды кері итереді, тез ағып кететін тамшыларды қалыптастырады. Алайда, ультракүлгін сәулеленудің әсерінен оның күйі өзгеріп, суды тарта бастайды. Осы ерекшелігіне байланысты күндізгі уақытта беті жұқа сұйықтық қабатымен жабылған күйде қалады. Күні бойы жиналған шаң немесе кір судың жұқа қабаты оларды ұстап тұрғандықтан әйнектің бетіне жабыса алмайды. Түнде, яғни, жабынды ультракүлгін сәуле әсеріне ұшырамаған кезде ылғал тамшыға айналып, өзіммен бірге ластаушы заттарды тасымалдап ағып кетеді. Бір қызығы, жабындының артықшылығы мен ерекшелігі мұнымен ғана шектелмейді: ультра күлгін сәуледен белсенді режиме енетін титан оксиді фотокатализатор қызметін атқара отырып, әйнек бетіндегі органикалық молекулаларды да ыдыратады. Нәтижесінде бактерияға қарсы және стерильді беттер қалыптасады.

Қалыпты күйдегі жабын гидрофобты, ылғал итеріліп, тамшылар түзеді (жоғары жақта), ал ультракүлгін сәулелену әсерінен кейін ол гидрофильді, ылғал біркелкі жұқа қабатта таралады (төменгі жақта).
0 пікір
Мұрағат