Тек қажет жағдайда ғана антибиотик беретін таңғыш жасалды
Тек қажет жағдайда ғана антибиотик беретін таңғыш жасалды
3 жыл бұрын 1602 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Таңғыш екі полимердің қоспасынан әзірленген наноталшықтардан алынған жұқа мембранамен жабдықталған. Бұл жайында islam.kz порталы empa.ch ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Антибиотиктер инфекция түскен жарақатты емдеуде тиімділігі жоғары болғанымен оларды шектеп, абайлап қолданған жөн. Өйткені, шамадан тыс қолданылса, бактериялардың дәріге төзімділігі артып, кейін антибиотикке бой бермей кетеді. Осыны ескерген ғалымдар инфекция түскен жерд анықтағанда ғана дәрілік затты бөлетін таңғыш жасады. Әдетте жарақатты таңатын таңғыштар мөлдір болмағандықтан оның астындағы жарақатқа инфекция түскенін немесе түспегенін анықтау қиын, тіпті, мүмкін емес. Міне, осындай себеппен антибиотиктер көбінесе жараның инфекциясының алдын алу үшін алдын ала қолданылады. Бұл тығырықтан шығу үшін швейцариялық Empa зерттеу орталығы жаңа материал жасаған екен. Онда ПММА (полиметилметакрилат) полимері мен Eudragit сауда маркасымен танымал биологиялық тұрғыдан жатырқауға жол бермейтін полимер қоспасынан әзірленген наноталшықтан жұқа мембрана бар. Ал бұл талшықтар ішінде антисептикалық октенидин дигидрохлориді капсулденген (қапталған). Дене қызуы, дәлірегі, тері бетіндегі жарақат температурасы 32-34 ºC-та болған жағдайда, полимер қоспасы қатты күйінен өзгермейді, ал инфекциялық қабынудан адамның дене қызуы көтерілсе (кем дегенде 37 ºC-қа), полимер жұмсақ күйге еніп, инфекция түскен жерге октенидиннің белгілі бір мөлшерін бөледі. Инфекциядан жазылған кезде, яғни, жарақаттағы ыстықтың беті қайтқан кезде полимер қатты күйге енеді. Мұндай процесс бес рет қайталанады.

/documents/56164/19450775/EQ74+Pflaster+para+faser+435.jpg/bd98ed56-ec1e-4c17-9f2a-42ef078482f8?t=1639143283017

0 пікір
Мұрағат