Тауық бұрын пайда болды ма әлде жұмыртқа ма - биологтер жауабын тапты
Тауық бұрын пайда болды ма әлде жұмыртқа ма -  биологтер жауабын тапты
1 ай бұрын 759 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғасырлар бойы адамзат бас қатырып келген сауалдардың біріне осы сұрақты жатқызуға болатын шығар. Бір қарағанда, жеңілтек адамның аузынан ғана шығатындай көрінетін, тіпті, мән беруге тұрмайтын сауалдың жауабын іздеуге ғалымдар да атсалысқан екен. Бұл жайында islam.kz порталы Nature ғылыми мерзімді басылымына сілтеме жасай  отырып мәлім етеді.

Chromosphaera perkinsii — Гавай аралдары жағалауындағы теңіз шөгінділерінде 2017 жылы табылған бір жасушалы организм. Қазіргі протозоаның бұл ежелгі ата-бабасы жер бетінде миллиард жылдан астам уақыт бұрын, дәлірегі, алғашқы жануарлардан бұрын пайда болған. C. perkinsii бір жасушалы тіршілік иесін зерттеуге арналған мақаласы жарияланған Женева университетінің (Швейцария) ғалымдары күтпеген жерден «алғашқы болып тауық па немесе жұмыртқа ма, қайсысы пайда болды?» деген әйгілі сауалдың жауабын тапты. Зерттеушілер C. perkinsii жасушалары өсіп-өну кезінде өзінің максималды көлеміне жеткеннен кейін одан ары өспейтінін әрі бөліну арқылы жануарлар ұрығының дамуының ерте кезеңіне ұқсас көпжасушалы колониялар түзетінін анықтады. Оның үстіне, бұл колониялардағы ген белсенділігінің сценариі көп жағынан жануарлардың құрсақтағы даму барысында байқалатын процеске ұқсас болып шықты. Бұл құбылыс өз кезегінде күрделі көпжасушалы организмнің дамуын реттейтін генетикалық бағдарламалардың, яғни, жануарлар ұрығының бұдан миллиард жылдан астам уақыт бұрын, жер бетінде жануарлар тіршілігі пайда болғанға дейін болғанын көрсетеді. Демек, табиғатта «балапан шыққанға» дейін «жұмыртқаның пайда болуының» генетикалық құралдары болған», - деп түйіндеді ғалымдар.

Что появилось раньше: курица или яйцо?

0 пікір
Мұрағат