Суперкомпьютер иммундық жүйенің ең негізгі құпияларының бірін ашты
Суперкомпьютер иммундық жүйенің ең негізгі құпияларының бірін ашты
16 күн бұрын 1085 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Организмнің қорғаныс шебі аталған иммундық жүйенің аутоиммундық шабуылдан ненің есебінен қашатыны анықталды. Бұл жайында islam.kz порталы Nature Immunology мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағыттағы зерттеу адамның иммундық жүйесінің өз антигеніне неге агрессия танытпайтынын анықтауға саяды. Ла-Хойи иммунология институтының ғалымдары иммундық жүйенің өзіне қарсы күресуге кіріскенінде қатерлі ісік жасушаларының қалай әрекет ететінін түсіну үшін Expanse суперкомпьютерін пайдаланды. CD4 + Т-жасушаларының иммундық жасушалары өз антигендеріне әлсіз әсер етеді. Анағұрлым әлсіз жауап теріс селекциямен - тимустағы шектен тыс реактивті Т-жасушаларды - лимфа жүйесінің бөліктерін жоятын процеспен байланысты болып шықты. Тағы бір фактор бар, одан да маңыздысы - PD-1 және CD73  деп аталатын немесе таңбаланатын екі ақуыз аутоспецификалық CD4 + Т-жасушалардың белсенділігін тежейді. Бұл тараптағы зерттеу барысында Expanse көмегімен жасалған есептеу моделдері де, зертханалық тәжірибе нәтижелері де пайдаланылды. Аталмыш жаңалық өз кезегінде PD-1 мен CD73 адам организіміндегі антигендерге иммундық реакцияны тежеп, осылайша аутоиммунды аурулардың алдын алатынын көрсетіп берді. Бұл жаңалық иммундық жүйеден жасырынуға мүмкіндік беретін обырдың төзімділік тетіктеріне қарсы қатерлі ісік ауруларын емдеу әдіс-тәсілін жақсартуға мүмкіндік беруі мүмкін екенін алға тартты Боб Синковиц есімді биоинженер. CD4 + Т-жасушалар (Т-хелперлер) - иммунды жүйенің басқа жасушаларының: Т-киллерлердің, В-лимфоциттердің, макрофагтардың, NK-жасушалардың жұмыс процестерін реттеу функцияларын орындайтын Т-жасушалардың бір түрі. Т-хелперлер антигендерді таниды және пайда болған жасушалық иммундық жауап тетіктерінің жұмыс істеу процестерін іске қосу немесе тоқтату туралы «шешім қабылдайды»

0 пікір
Мұрағат