Ым-ишара тілін мәтінге айналдыратын жүзік жасалды
Ым-ишара тілін мәтінге айналдыратын жүзік жасалды
16 күн бұрын 1109 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Америка құрама штаттарының Корнелл университетінің ғалымдары жасанды зерде технологиясы қолданылған «ақылды» жүзік әзірледі. Бұл жайында islam.kz порталы news.cornell.edu ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ол америкалық ишарат тілінің дактилді әліпбиін түсінеді және компьютерлер мен смартфондарға мәтінді енгізу үшін құрылғы ретінде қолданылуы мүмкін. Дактил әліпбиі - ымдау тілінің қосымша жүйесі: бір қолдың әрбір қимылы әліпбидегі әріппен сәйкес келеді. "Дактилді әліппені танитын басқа да көптеген технологиялар саңыраулар мен құлағы мүкіс жандар ұнаатпады, өткені, құрылғы үлкен әрі қолдануға қолайсыз. Біз дактилді әліпбидегі саусақтардың барлық күрделі қозғалысын тіркеуге қабілетті сақина жасауға ұмтылдық ", - деп нақтылады ақпараттық технологиялар саласындағы аспирант Хиуншхол Лим. Ерекше жүзікті бас бармаққа кигізеді. Құрылғы микрофонмен және динамикпен жабдықталған - олар естілмейтін дыбыс толқындарын бірге жібереді және қабылдайды: олар пайдаланушының қолы мен саусақтарының қозғалысын бақылайды, ал шағын гироскоп қолдың қимылын тіркейді. Барлық компоненттер сақинаның және жақын орналасқан кішкентай корпустың ішінде орналасқан.

 

0 пікір
Мұрағат