Диверсанттар Ресейдің Су-30СМ ұшағын өртеп жіберді
|

Украина мен Ресей арасындағы соғыстың географиясы ғана емес, логикасы да түбегейлі өзгеруде. Бұрын «майдан» десе Донецк пен Бахмут елестесе, енді ол ұғым Ростов, Белгород, Қурск секілді Ресейдің өз аймақтарына ауысып барады. Күні кеше ғана Ростов-на-Дону қаласындағы әуежайда диверсанттар Су-30СМ жойғыш ұшағының өртеп жібергені жайында хабар жетті. Бұдан Ресейдің ішкі периметрінің бұзылып, қауіпсіздік доктринасының ескі шекарадан ары асқанын көрсетті.
ГУР – Украина Қорғаныс министрлігінің Бас барлау басқармасы «Жойғыш ұшақты диверсанттар жойды» деп кесіп айтты. Демек, енді Украина Ресейдің ішкі ахуалындағы әлеуметтік шиеленістерді әскери мақсатқа толықтай пайдалануы мүмкін. Бір кездері әскери комиссариаттың есігін өрттеуден басталған қарсылық енді Су-30СМ ұшағын өрттеуге дейін жетті.
Су-30СМ ұшағын Ресей әуе күштерінің арқа сүйер ұшағы десек болады. Ол – әуеде артықшылық орнатуға арналған, 50 миллион доллар тұратын соғыс машинасы. Су-30СМ – қарсы шабуылға, әуе жамылғысын қамтамасыз етуге және стратегиялық барлау жұмыстарына арналған машина.
Диверсанттар арқылы әуежай аумағында шабуыл жасау Украина барлауының жергілікті желіні қаншалықты тиімді құрғанын дәлелдейді. Жүйелі түрде және тактикалық дәлдікпен жүзеге асырылған бұл операция – 90-жылдардағы Моссадтың немесе КГБ-ның классикалық үлгілерін еске салады. Бір қызығы – мұнда агенттер қолданылмайды, тек сана мен сенімге сүйенген азаматтар тартылады.
Ertenmedia.kz ақпараттық агенттінің мәлімітінше, Су-30СМ сынды ұшақтардың әрқайсысы – ұзақ циклді дайындау, үлкен бюджет пен шетелдік компоненттерге тәуелділікпен өндіріледі.
Осы операциядан кейін ГУР жаңа сатыға көтерілгені анық. Бұрын тек майдан шебінде әрекет етіп келген барлау қызметі, енді Ресейдің ішкі аумағында физикалық зақым келтіретін, жүйелі операциялар жасай алатын деңгейге көтерілді. Бұл – Украина соғысының жаңа фазасы.
Мұрағат
Көп оқылғандар

■
Ұрығы сапалы ерлердің ұзағырақ өмір сүретіні анықталды

■
Оңтүстік-шығыс Азияның наным-сенімі бөлек елінде мұсылманша жерлеу туралы заң қабылданды

■
Мұсылман елі көмірден газ өндірмекші

■
Еуропалық ел 2027 жылдан бастап жаңа үйлерге күн панелін қоюды міндеттейтін болады

■
Жүре алатын әрі ұша алатын трансформер робот жасалды (видео)