Сұйық отынды өртену немесе жарылу қаупінен арылтатын технология ойлап табылды
Сұйық отынды өртену немесе жарылу қаупінен арылтатын технология ойлап табылды
3 жыл бұрын 2316 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Токио технологиялық институтының ғалымдары сұйық отынның ұауіпсіздігіне қатысты проблеманың шешімін ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Chemical Engineering Journal мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жапон ғалымдары ол үшін лап етіп тез тұтанатындықтан өрт қатері жоғары сұйық отынды полимерлік гел ішінде сақтауға кеңес беріп отыр. Бұл тарапта ғалымдар қарапайым сұйық отын болып табылатын этанолды химиялық өзара байланысқан поли-(N-изопропилакриламид) гелінде сақтау процесін қарастырды. Олар PNIPAAm ұзақ және химиялық біріктірілген полимер тізбегінде этанол молекулаларын аулаудың оның булану жылдамдығын қаншалықты төмендететінін тексеріп көрді. Мұны тексеру үшін ғалымдар этанол толтырылған PNIPAAm гелінің шағын шарларын жасап, этанолдың булануы кезінде массаның қалай өзгергенін жазу үшін оларды электронды таразыға орналастырды. Олар, сонымен қатар, бұл тәжірибені гел сферасы секілді бетінің ауданы мен массасы  шамамен бірдей этанолдың баламалы дозасымен жүргізіп көрді. Күншығыс елінің химиктері осылайша этанолды полимерлік гелде сақтаудың өз кезегінде аталған сұйық отынның тез булануына жол бермейтініне көз жеткізген. Этанол молекулаларын гелдің «ұстап қалатыны» рас болуы мүмкін, ал профессор Хосойаның бұл құбылысты былай деп түсіндіреді: «Полимер гелі химиялық байланысы жоғары сансыз үш өлшемді полимерлі тізбектерді қамтиды. Бұл тізбектер этанол молекулаларын әртүрлі физикалық өзара әрекеттесу арқылы байланыстырады, бұл процесте оның булануын шектейді. Бір қызығы, сұйық отынмен жүктелген гелді ылғал шалмайды, яғни, суланған сүлгі секілді болмайды, ол ол ма, сыққан кезде сүлгі секілді сұйықтық бөлмейді. Гел сыртқы күштің әсерімен этанолды бөлмейді.  Ғалымдар сұйық отынның булану проблемасын еңсерген соң  этанолдың полимерлік гелде жану тиімділігін тексеріп көрмек болады. Олар әртүрлі өлшемдегі этанол толтырылған гел шарларын өртеп, олардың массасы мен пішінін нақты уақытта бақылаған еді. Осыған сүйене отырып, олар этанол жүктелген PNIPAAm гел шарларының жану кезеңі екі фазадан тұратынын анықтады: таза этанолдың жануы басым болатын фаза, одан кейін PNIPAAm полимерінің жануы басым болатын екінші фаза. Бұл бғыттағы тәжірибелердің нәтижесінен кейін пайда болған теориялық талдаулар арқылы мынадай тұжырым жасалды: сұйық отын жүктелген PNIPAAm гел сфераларының алғашқы әрі негізгі жану фазасынан тұрақты тамшы температурасы моделін алуға болады – эталон толтырылған гелдің жануы сұйық отын тамшыларының моделіне сәйкес келеді, яғни олардың жану сипаты ұқсас келеді. Полимерлік гел сұйық отынның жарылу немесе өртке шалдықтыру қатерін азайтып қоймай, сонымен қатар, сұйық отынның тез буланып жоғалудан да сақтайды. Энергиялық тығыздығы жоғары сұйық отын химиялық энергияның басқаруға келетін қозғалысқа айналатын көптеген жағдайларда (мәселен, зымыранда, газ құбырында, қазандықта, кейбір көлік қозғалтқышында, т.б.) қажет. Жану және өнімділік сипаттарынан бөлек пайдалануда, сақтауда, тасымалдауда осынау отын түрінің қауіпсіздігіне, тұрақтылығына кепілдік берудің маңызы жоғары. Сұйық отымен жұмыс істеу кезінде пайда болатын қатерлердің біріне шектеулі кеңістікте тез буланып, лап етіп тұтанатын газға айналу қатерін жатқызуға болады. Өрт пен жарылысқа ұласу қатері жоғары болғандықтан ғалымдар сұйық отынды қоюлату жолдарын да қарастырып көрген екен, десе де төменгі температурада гел тәрізді затқа айналдырудың орайы келген. Десе де бұл тарапта сұйық отынды жоғарыда аталған жолдармен түрлендіруге қатысты әлі де шешімін таппаған мәселелер жетерлік. Мұндай модификацияланған отынды пайдалану үшін бұл бағыттағы зерттеулер жалғасын табады.

Горелки OZTI "Етанол Гель" продам | REIBERT.info

0 пікір
Мұрағат