|
Суды ысырап етпейтін жаңа кран ойлап тапты (фото)
|
Лондон Корольдік өнер колледжінің дизайнер факультетінің студенті Симин Цю суды ысырап етпейтін, ерекше су кранын ойлап тапты. Кранның сыртқы келбетінің әдемілігі бір бөлек, суды артық ағызбайтын қасиеті де бар. Краннан шыққан су айналмалы спираль түрде ағуы көздің жауын алады.
Жұмыстың ерекшелігі сол, су ағыны кран аузына келіп бөлшектерге бөлініп шығады. Краннан шыққан су айналып, спираль тәріздес қалыпта судан тор жасайды. Бұл суды 15%-ға дейін үнемдеуге көмектеседі екен. Кранның үстіңгі жағында арнайы сенсорлы түйме бар. Сол түйме арқылы суды ағызып, қайтадан жауып қоюға болады.
Өзінің елеулі еңбегі үшін студент "Concept design award 2014" сыйлығымен марапатталды.






Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Адамның өзі жек көретін адамнан да қартаятыны анықталды
■
Тәбетті басып, арықтауға көмектесетін молекула табылды
■
Иран «Үрміз пактісі» құжатын әзірлеуге кірісті