Судағы ағашты электр энергиясының көзіне айналдырды
Судағы ағашты электр энергиясының көзіне айналдырды
2 жыл бұрын 1988 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Ағашты электр энергиясын өндіру үшін модификациялау иллюстрациясы. Кескін: Yuanyuan Li

Зерттеушілер ағаштың ішінде өндірілетін биоэлектр энергиясын жинау үшін наноинженерияны пайдаланады. Бұл жайында islam.kz порталы onlinelibrary.wiley.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Швециядағы королдік технология институтының ғалымдары транспирация қозғалысы кезінде пайда болатын электр энергиясын жинауды үйренді. Бұл процесс судың өсімдік арқылы тамырдан жапырақтар арқылы булануға дейінгі қозғалысын білдіреді. Ағаш жасушаларының қабырғаларының құрылымына бірқатар өзгерістер енгізу нәтижесінде зерттеушілер өндірілетін электр қуатын 140 мВ-қа дейін арттыра алды. Бұл қарапайым ағаштан алынатын энергиядан 10 есе жоғары көрсеткіш. Мұндай жолмен өндірілген энергия мөлшері үйді жарықтандыруға жеткіліксіз, алайда, жарықдиодты шам немесе калькулятор сияқты қарапайым құрылғыны қосу үшін жеткілікті. Ғалымдардың Advanced Functional Materials мерзімді басылымында жарияланған бұл тараптағы мақаласында сипатталған әдіс наноинженерияны қолдануға негізделген. Ғалымдар ағаштың қасиеттерін жақсарту үшін оның наноөлшемді құрамын өзгерткен. Зерттеушілер ағаш пен су арасындағы рН айырмашылығын одан ары қолдан реттеу өз кезегінде 1 В-қа дейін әлеуетін арттыруға және әр шаршы сантиметрі үшін 1,35 мкВт қуат алуға қол жеткізуге көмектеседі, деп санайды. Сонымен қатар, ағаш әзірге 10 қайта зарядтау цикліне төтеп бере алады және әлсірегенге дейін шамамен 2-3 сағат бойы жоғары кернеу тудырады. Бұл технологияның артықшылығы сонда - ағаштың энергия көзі ретінде әлеуеті таусылғаннан кейін оны басқа мақсаттарға оңай пайдалануға болады.

Ағаш құрылымының әртүрлі модификациялары. Кескін: Yuanyuan Li
0 пікір
Мұрағат