Студенттер құрастырған электр көлігі жылдамдығы бойынша рекорд орнатты (фото+видео)
Студенттер құрастырған электр көлігі жылдамдығы бойынша рекорд орнатты (фото+видео)
2 жыл бұрын 3726 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Күн батареясымен жұмыс істейтін көлік бір зарядттық қуатпен 12 сағаттан аз уақыт ішінде 1000 шақырым жол жүреді. Бұл жайында islam.kz порталы newsroom.unsw.edu.au ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сидней қаласындағы Жаңа Оңтүстік Уэльс университетінің инженерлік факультетінің студенттері әлемдік рекордқа орнатқан электр көлігін құрастырды. Күннен қуат алатын Sunswift 7 1000 шақырымдық жолды 11 сағат 53 минут 32 секундта бағындырған. Гиннестің рекордтар кітабының сарапшылары рекордты растау үшін нәтижелер мен машина телеметриясын тексереді. Студенттер құрастырған көлігінің салмағы небәрі 500 келі, бұл көрсеткіш Tesla Model S салмағының төрттен бір бөлігін құрайды. Рекордтық жылдамдыққа жету үшін инженерлер арнайы аэродинамикалық конструкция әзірлеп,  қозғалтқыштардың және бүкіл жетек тізбегінің тиімділігін арттыра алған. Мұндай жеңіл салмаққа қол жеткізу үшін инженерлер желдеткіштен, тежегіштен, қауіпсіздік жастықшаларынан, тазалағыштардан және жаппай шығаруға келмейтін басқа да мүмкіндіктерден бас тартуға мәжбүр болды. Осы өзгерістердің арқасында олар ультра төмен жылжымалы төзімділікке қол жеткізген екен, яғни, көліктің ауа ағынына (кедергісіне) төтеп беру қабілеті басты назарға алынған. Егер Tesla Model S-нің кедергі коэффициенті - 0,208 болса, Sunswift 7-де бар болғаны - 0,095. Бұл көлікті құрастыруға екі жыл кеткен екен. Ол 1000 шақырымнан асатын күн энергиясымен жүретін ең жылдам электр көлігі санатындағы рекордтық жылдамдықпен қозғалу үшін арнайы әзірленген. Сынақ кезінде Sunswift 7 бір зарядпен орташа сағатына 85 шақырым жылдамдықпен 240 айналымнан өткен болатын. Аталмыш жобаға жетекшілік еткен Сиднейдегі Жаңа Оңтүстік Уэльс университетінің профессоры Ричард Хопкинстың айтуынша, осындай рекорд кезінде энергияны тұтыну көрсеткіші 100 шақырымға сағатына небәрі 3,8 кВт болған, ал бүгінде жолдағы ең тиімді электр көліктері де 100 шақырымға сағатына 15 кВт тұтынады, орташа есеппен 100 шақырымға шамамен сағатына 20 кВт кетеді. Зерттеушілер бұл моделдің жаппай өндіріске арналмағанын айтады, өйткені, ол жылдамдықты арттыру үшін көптеген қажетті элементтерден айырылған. Есесіне бұл жоба болашақта тиімді және экологиялық таза автокөлік құрастырудың теориялық мүмкіндігін көрсету ретінде қызмет етеді.

Sunswift completes Guinness World Record attempt

Sunswift team for World Record attempt

Sunswift puncture

Sunswift during world record attempt

0 пікір
Мұрағат