Студент балдырдан биоқаптама жасаудың жолын тапты
Студент балдырдан биоқаптама жасаудың жолын тапты
7 ай бұрын 905 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Сергей Маринин есімді Челябі мемлекеттік университетінің (Ресей Федерациясы) экология факултетінің магистранты альгокартон деп аталатын биологиялық қаптама ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы techcult  ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ол қажетті серпімділік пен беріктікке ие планктондық балдырларға негізделген ыдырайтын биоқаптама. Шын мәнінде, мұндай балдырлардан жасалған биоқаптама – пластиктен, тіпті, картоннан бас тартуға және экологиялық таза шикізатқа көшуге мүмкіндік беретін орауыш материалдың сапалы түрі. Дәл сол картон целлюлозадан жасалған, ол іс жүзінде суда ерімейді, сайып келгенде, қоршаған ортаны ластайды және пластик туралы айтып жтудың өзі артық - оның қоршаған ортаға тигізетін орасан зор зияны барлығына белгілі. Бұдан бөлек, мөлшері жағынан балықтан кейін екінші орында тұрған балдырлар, тіпті, кейбір аймақтарда азық-түлік ретінде кеңінен тұтынылады. Сергей Маринин тиісті байқауда жеңіске жетіп, ғылыми-техникалық саладағы шағын кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу қорынан өзінің алгокартонын әзірлеуді аяқтау үшін жарты миллион доллар грант ұтып алды.

Челябинским студентом изобретен альгокартон

Сергей Маринин 

0 пікір
Мұрағат