Сперматозоидтің неліктен тігінен жылжитыны белгілі болды
|
Халықаралық ғалымдар тобы тубулин ақуызының ферментативтік модификациясы орын алғанда сперматозоидтің тігінен жылжитынын анықтады. Бұл өз кезегінде ерлер белсіздігінің бір себебі болуы мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы hightech.fm ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ақуыздар өзге ақуыздың әсерінен түрленуі (модификациялануы) мүмкін, оны фермент деп атайды. Яғни, мұндай модификацияның орын алатыны бұрыннан белгілі болса да мұндай процестің нәтижесі көп жағдайда белгісіз күйінде қалатын еді. Мәселен, микротүтікшені қалыптастыратын тубулин (ақуыз) модификациясының рөлі қандай болатынын ғалымдар бұрын білген жоқ. Микротүтікше – жасуша каркасын қалыптасуында пайдаланылатын ұзын жіп. Организмдегі жасушалардың барлығында микротүтікшелер бірдей болғанымен, бір қызығы, олардың функциялары әр түрлі болып келеді. Микротүтікшенің өзгеше функциясын сперматозоид құйрығынан байқай аласыз. Сперматозоид құйрығы не үшін керек? Ол ерлер ұрығының сапалы болуы әрі жыныстық жолмен өсіп-өну үшін маңызды рөл ойнайды. Сперматозоид тігінен жүзуі үшін тубулин ақуызы түрленуі тиіс. Мұндай түрленудің бірі глицилир деп аталады, алайда, ол осы уақытқа тыңғылықты зерделенген емес. Таяуда бұл тарапта жүргізілген зерттеу барысында белгілі болғандай, мұндай модификация болмаған кезде сперматозоид бір орнында шыр көбелек айналып, жылжу қауқарынан айырылады. Ғалымдар глицилир болмағанда сперматозоидтің жылжу қабілетіне неліктен нұқсан келетінін анықтау мақсатында сперматозоид құйрығының молекулярлы құрылымын және оның молекулярлы қозғалтқышын визуалды көруге мүмкіндік беретін криоэлектронды микроскоптың көмегіне жүгініп көрген екен. Сперматозоидтің мутацияға ұшыраған құйрығының анализ нәтижесі көрсеткендей, мутация аксонемді динеиннің (сперматозоид құйрығын қозғалысқа келтіретін қозғалтқыш деп түсініңіздер) үйлесімді қызметіне кедергі келтіретін болып шықты. Қысқасы, аталмыш зерттеу микротүтікшелердің фундаменталды биологиялық процестерді реттеуде белсенді рөл атқаратынын көрсетіп берді. Бұл зерттеу, сондай-ақ, ерлер белсіздігінің негізін құрайтын тағы бір тетіктің барын да көрсетіп берді.
Сперматозоидтіңшыр айналып тігінен жылжуы
Ұқсас материалдар:
«Қандай жұптарда ұл бала көп пайда болатыны анықталды» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/madeniet/qandai-juptarda-ul-bala-kop-paida-bolatyny-anyqtaldy-13474/#gsc.tab=0);
«Жылу стресінің шәуһатты қалай зақымдайтыны белгілі болды» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/jylu-stresinin-shauhatty-qalai-zaqymdaityny-belgili-boldy-14338/#gsc.tab=0);
«Ғалымдар ерлер белсіздігін емдеудің тың тәсілін тапты» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/galymdar-erler-belsizdigin-emdeudin-tyn-tasilin-tapty-14302/#gsc.tab=0)