Швейцария ғалымдары әлемдегі алғашқы биопроцессорды жасап шығарды
Швейцария ғалымдары әлемдегі алғашқы биопроцессорды жасап шығарды
5 ай бұрын 647 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Швейцарияның FinalSpark стартапы әлемдегі алғашқы биопроцессорды жасады. Ол адам миының 16 органелласын пайдаланып, есеп жүргізе алады. Бұл жайында islam.kz порталы hi-tech ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ерекше процессорды жасаушылардың айтуынша, өздерінің өнімі кәдімгі чиптерге қарағанда «миллион есе аз энергияны» тұтынады. Аталмыш компания GPT-3 сияқты үлкен тілдік үлгіні оқытуға шамамен 10 ГВт/сағ қажет екенін алға тартты. Бұл көрсеткіш жылына Еуропада қолданылатын орташа мөлшерден 6000 есе көп. Биопроцессордың қоршаған ортаға кері әсері көп төмен екенін де айта кету керек. Ғалымдар биологиялық процессорды әзірлеу үшін аппараттық және бағдарламалық құралдарды биологиялық компоненттермен біріктірген. Ми органоидтары арнайы мультиэлектродты матрицаларға орналастырылды. Бұл арада нейрондардың құрылымын және олардың байланыстарын қайталайтын үш өлшемді жасушалар турасында сөз болып отыр. Онда деректер таңдау жиілігі 30 кГц және рұқсаты 16 бит болатын Intan RHS 32 цифрлы ұқсас түріндегі түрлендіргіш арқылы түрлендіріледі немесе өңделеді. Кәдімгі кремниден жасалған чиптермен салыстырғанда биопроцессордың негізгі кемшілігі - қызмет ету мерзімі шектеулі. Жаңа өнім шамамен 100 күн жұмыс істей алады. Ал кәдімгі процессорлар бірнеше жыл бойы жұмыс істейді. Осындай кемшілігіне байланысты биопроцессор  тек бірнеше айға созылатын тәжірибелерге ғана жарамды. FinalSpark қазірдің өзінде тоғыз ғылыми мекемеге биокомпьютерлерге қашықтан қол жеткізуді қамтамасыз етті. Жазылым арқылы жаңа процессормен жұмыс істеуге болады. Әр пайдаланушы үшін 500 доллар төлеу керек.

Подключенный к органоидам интерфейс

0 пікір
Мұрағат