Саудиялық студенттің құрылғысы саңыраулардың көлік жүргізуіне мүмкіндік береді
Саудиялық студенттің құрылғысы саңыраулардың көлік жүргізуіне мүмкіндік береді
4 жыл бұрын 4262 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Саудиядағы ең беделді жоғарғы оқу орны саналатын корол атындағы университетінің медицина факултетінің студенті Ренад Хұсейннің құрылғысы күллі әлемдегі құлағы мүкіс адамдардың көлік жүргізуіне көмектеседі. Бұл жайында islam.kz порталы Emirateswoman ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бүгінгі таңда әлем бойынша 644 млн адамның есту қабілеті төмендеген. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы келтірген мәліметке қарағанда, 2050 жылға қарай әлем бойынша саңыраулар қарасы 900 млн-ға жетеді. Саудиялық студенттің акустикалық датчигі көшедегі көлік құралдарының дыбысын өңдеп, оны бейне мен түске айналдырады. Оны экранға шығарып, құлағы мүкіс адамның бағдарын анықтауына көмектеседі. Осы жетістігі үшін ол өткен жылдың (2020 ж.) ең үздік өнертапқыш әйел атағын иеленіп, Бүкіл әлемдік интеллектуалды меншік кубогымен марапатталды. Бұған қоса ол 2019 жылы Малайзияда өткен халықаралық құрылғылар мен инновация көрмесінде де алтыннан төсбелгі тақты; сондай-ақ, 2020 жылы Корея аумағында өткен ең үздік құрылғы бойынша халықаралық олимпиада жүлдегері атанды.  Оның айтуынша, саңырау адамдардың көбісі хат танымайтындықтан, яғни, оқып-жаза алмайтындықтан ондай мүмкіндігі шектеулі жандар үшін ең қолайлы нұсқасын – бейне мен түс арқылы хабарлау тәсіліне жүгінген. Al Akhbariya TV арнасына берген сұхбатында айтқандай, оның мұндай құрылғыны жасауына кей елдерде саңырау адамдарға көлік жүргізуге тыйым салынғаны себеп болған.

Touched by a deaf Uber Driver – Techjaja

Deaf Grab drivers: 'They can do everything but hear' - CNA

0 пікір
Мұрағат