Сау адамның терісінен көзге көрінбейтін ажал «хабаршысы» табылды
Сау адамның терісінен көзге көрінбейтін ажал «хабаршысы» табылды
3 жыл бұрын 5731 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Public Domain

АҚШ-тағы Флорида университетінің ғалымдары анықтағандай, жасы елуді еңсерген әрі жасы ұлғайған қарттардың терісінде метициллинді төзімді стафилококк (немесе MRSA) кездесетіндері мұндай қауіпті бактериясы жоқтарға қарағанда келесі жиырма жылында жиі көз жұмады екен. Бұл жайында islam.kz порталы Journal of the American Board of Family Medicine мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған бактерия адамзаттың шамамен үштен бірінің терісі мен мұрын қуысынан табылады. Мұндай бактерия кездесетіндердің тек төрттен бірі аталмыш дерттен көз жұмады. Адамның қуығы мен зәр шығару жүйесінде инфекциялық қабыну тудырады, сондай-ақ, өкпенің қабынуына алып келеді, қан инфекциясына ұрындырады, тері немесе жарақат инфекциясын тудырады. Ол адамға бактерияны тасымалдаушы науқастың бойынан қандай да бір сұйықтық (мәселен, түкірік, жарақаттан аққан қан, зәр, т.б.) я болмаса құшақтасу, қол беріп амандасу секілді тікелей контакті арқылы да жұғады. Бұл бағытта Ұлттық денсаулық және тағам зерттеу мамандары 2001-2004 жылдар аралығында арнайы зерттеу жүргізген екен. 40-85 жас аралығындағы азаматтардың деректері салыстырылып, сарапталған болатын. 11 жыл бойы мезгілінен ерте өлу жағдайларын қадағалау үшін ұлттық өлім-жітім индексі түзілді. Бұл зерттеуде адамның нәсілі, жынысы, ұлты, табыс деңгейіғ денсаулығы және емханаға жатып шығу факторлары ескерілген. MRSA бактериясы жоқ тәжірибеге қатысушылар арасындағы өлім-жітім 18 пайызды көрсетсе, аталған бактерия кездесетіндер арасында бұл көрсеткіш 68 пайызды құраған. Мәселен, америкалықтар арасында 2017 ылы 119 азаматтың қанында стафилококтық бактерия өршіп, шамамен 20 мыңдайы бақилық болған екен.

0 пікір
Мұрағат