Сарбаздар жараланғанда қажетті ағзаларды өздері принтерге басып шығаратын болады
Сарбаздар жараланғанда қажетті ағзаларды өздері принтерге басып шығаратын болады
5 жыл бұрын 1620 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

АҚШ әскерінің West Point академиясының кадеттері діңгекті жасушаларды пайдалана отырып адам денесінің жекелеген ағзаларын басып шығаратын биологиялық принтерді меңгеріп жатыр. Бұл арада қан тамыры, шеміршек секілді ұсақ фрагменттер турасында сөз болып отыр. Қазіргі уақытта құрамында 26 кадет кірген бес топ үш жобамен айналысып жатыр. Алғашқы екі тобы күйік шалғанда және жарақат алғанда қажетті биодәкені жасау үстінде. Биологиялық дәкені медициналық бригада жараланған сарбаздың жасушаларын пайдалана отырып басып шығарады. Сонсоң биодәкені 3D принтерден басып шығарылған терімен және діңгекті жасушалармен біріктіріп, жарақатты тез жазатын дәке алатын болады. Ал екі команда қан тамырларын жасаумен айналысып атыр. Аталмыш жоба аса маңызды, өйткені, майдан даласында тамыры қиылып кеткен сарбаздар үшін қажет. Тағы бір тобы сан сүйегі мен жамбас сүйегінің арасындағы шеміршекті әзірлеуде. Ал алтыншы тобы бауырды басып шығаратын жобаға ден қойған. Біз сөз етіп отырған биопринтердің ерекшелігі – онда негізінен коллаген негізіндегі сия – діңгекті жасушадан жасалатын адам ағзасын істеп шығаратын протеин қолданылады. Бүгінде бұл жоба әлі зерттеу деңгейінде екенін айта кету керек. Десе де болашақта мобилді, яғни, шұғыл биопринтер жаралы сарбазға медициналық жәрдем беруге арналған мобилді лазареттің бір бөлігіне айналуы ғажап емес.

0 пікір
Мұрағат