Саңырауқұлақтан отқа төзімді материал жасалды
|
Мелбурн технологиялық университетінің зерттеушілері саңырауқұлақ мицелиінен жұқа парақтар - саңырауқұлақың вегетативті денесін құрайтын жіңішке жіптерді өсірді. Бұл жайында islam.kz порталы Polymer Degradation and Stability мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оны қалпына келетін органикалық қалдықтардан өсіруге және өртке қарсы қаптаманы дайындау үшін пайдалануға болады. Биологтар тұтастай таза мицелиден қалыңдығы қағаздай болатын парақ әзірлеудің әдісін тапты. Ғалымдар оттың әсерінен материалдың бетінде термиялық қорғаныш қабат түзілетінін көрсетті. Сонымен қатар, пластмасса негізіндегі композициялық қаптама панелдерінен айырмашылығы - «саңырауқұлақ» материалы күйдіру процесінде улы заттар мен ащы түтін бөлмейді. Осылайша қоршаған ортаға зияны жоқ материал пайда болды. Бром, йод, фосфор және құрамында азот бар жалынға қарсы заттар (өртке қарсы компоненттер) тиімді болғанымен денсаулыққа және қоршаған ортаға теріс әсер етеді. Ал мына жаңа материалдың бетіндегі мицелидің жұқа қабықшасы («тұсқағаз») күйген кезде тек су мен аздаған көмірқышқыл газы бөлінеді.