Сал болып қалған әйел F-35 жойғыш ұшағын ойша басқара білді
Сал болып қалған әйел F-35 жойғыш ұшағын ойша басқара білді
10 жыл бұрын 3377

Ян Шойерман есімді сал болып қалған әйел АҚШ-тың қорғаныс министрлігінің перспективалық зерттеулермен шұғылданатын басқармасы жетекшілік ететін үкіметтік жобаға қатысты. Нақтырақ айтқанда, мойнынан төмен жағы түгел сал болып қалған 55 жастағы әйел ой күшінің көмегімен F-35 жойғыш стимуляторын басқаруға арналған ми имплантатын пайдаланды. Қорғаныс министрлігінің, былайша айтқанда, DARPA деген атаумен белгілі агенттік, сонымен қатар, биология мен құлтемір техникасын ұштастыруды зерделеп жатыр. Жасы елуден асып, егде тартқан Ян Шойерман сирек кездесетін, тұқым қуалайтын аурудан сал болып қалған еді. Ол 2012 жылы өзінің миындағы электродтарды «тірілтуге» келісімін берген көрінеді. Құлтемір қолын ойша басқару мүмкіндігіне ие болу үшін.

IBTimes ақпарат көзі хабарлағандай, ойша бұйрық беру арқылы жойғышты басқаруға арналған технологияда электронды схемаға ми жасушыларын қосатын титтей электродтар жиыны пайдаланылады. «Бұл қиял жетпес, рухымды шыңдаған ұшу болды, оны ойдағыдай орындап шықтым. Аталмыш зерттеу менің өміріме мән сыйлады, жұмыста жаңа достар мен әріптестер таптым. Сондай-ақ, ғылымға өз үлесімді қосуға мүмкіндік берді», - деді ол толқи сөйлеп. Айта кетейік, F-35 Joint Strike Fighter («бірыңғай соққы беруші жойғыш») Пентагонның ең қымбат тұратын әрі жаңа жойғыш ұшағы болып табылады. Бұл сынақ не үшін жүргізілді? Ұшқыш жараланып қалған жағдайда оның ұшақты ойша басақара алатынына көз жеткізу үшін қажет болды.

0 пікір
Мұрағат