Роботтарды ой күшімен басқаруға арналған нейрондық интерфейс жасалды
Роботтарды ой күшімен басқаруға арналған нейрондық интерфейс жасалды
2 жыл бұрын 1140 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Нейрондық интерфейс және графен сенсорлары. Кескін: Shaikh Nayeem Faisal et al., ACS Applied Nano Materials

Ғалымдар түрлі құрылғыны ой күшімен басқаруға мүмкіндік беретін биологиялық сенсор әзірледі. Оны адам организіміне енгізбей-ақ қолдануға болады. Бұл жайында islam.kz порталы pubs.acs.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сидней технологиялық университетінің инженерлері жетілдірілген ми-компьютер интерфейсін жұртшылық назарына ұсынды. Графендік сенсорлардың көмегімен зерттеушілер құрылғылардың жоғары өткізгіштігіне, пайдаланудың қарапайымдылығына және өзге де артықшылықтарға қол жеткізе алды. Аталмыш технология роботты, протезді, мүгедек арбаларын және машиналарды басқару үшін пайдаланылуы мүмкін. Аталған сенсорды әзірлеушілер алып жүруге болатын қатты датчиктерді жасау үшін креминимен үйлесетін графенді материалды пайдаланды. Бұл тәсіл өз кезегінде коррозия проблемасын еңсеруге мүмкіндік беріп қоймай, сонымен қатар, ұзақ мерзімге жарамды етеді, ең бастысы – терімен жанасқанда тітіркендірмейді, бұл айтылған артықшылықтар оны күнделікті немесе ұдайы пайдалануған мүмкіндік бермек. Алтыбұрышты графен үлгісі бар сенсорлар бастың артқы жағында көру қыртысынан толқындарды анықтау үшін орналастырылған. Контактілер түрлі, сыртқы факторлардың қатал әсеріне төзімді, сондықтан оларды төтенше ортада немесе жағдайда пайдалануға болады. Құрылғы пайдаланушының көз алдында орнатылған арнайы толықтырылған шындық объективі арқылы басқарылады. Экранда жыпылықтайтын ақ шаршылар көрсетіледі. Оператор белгілі бір шаршыға шоғырланған кезде оның ми толқындарын биосенсор басып алады, ал декодер сигналды командаларға аударады. Сиднейдің технологиялық университетінің профессоры Шин-Тен Линнің айтуынша, атталмыш технология екі секундқа жеткізбей ондаған команда беруі мүмкін. Бұл бізде тоғыз түрлі пәрмен түрі бар екенін және оператор осы уақыт аралығында осы тоғыздың біреуін таңдай алатынын білдіреді. Зерттеушілер бұл тарапта Ghost Robotics төрт аяқты роботты басқаруға арналған құрылғының жұмысын көрсетті. Бұл бағыттағы тәжірибе нәтижесі үйретілген оператор роботты қолдың көмегінсіз 94%-ға дейінгі дәлдікпен басқара алатынын көрсетті. Инженерлер бұл жаңалықты өз кезегінде өндірісте, аэроғарыш өнеркәсібінде және денсаулық сақтауда қолданыс табатынына сенім білдіріп отыр.

Биосенсорды әзірлеу процесі

0 пікір
Мұрағат