Роботталған мата қоршаған орта жағдайына қарай өзгеретін ерекшелікке ие (видео)
|
Йел университетінің инженерлері пішіні мен қаттылығын қоршаған ортаға қарай өзгерте алатын мата жасады. Бұл жайында islam.kz порталы шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл материал жоғары технологиялы киімде немесе туристер саяхат кезінде пайдаланатын көп функциялы құрылғыларды қолданылатын болады. Аталған мата күн ысыса, жұмсақ, ал күн салқындағанда қатты күйге енеді. 50 келіге дейін салмаққа төтеп бере алады, яғни, осынша салмақ түскенге дейін жыртылмайды. Қоршаған ортадағы өзгерісті матадағы арнайы датчик тіркейді, соған орай матаға қандай күйге енетініне сигнал береді. Аталған мата программалауға келеді – оған белгілі бір пішінде жадысында сақтауға бұйрық беруге болады. Көп естігеннен бір көрген артық, төмендегі видеодан өзіңіз де матаның қасиеттерін тамашалай аласыз: