РНҚ-ның эволюцияға ұшырайтыны белгілі болды
РНҚ-ның эволюцияға ұшырайтыны белгілі болды
3 жыл бұрын 3068 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Токио университетінің ғалымдары жердегі өмірдің пайда болуына қатысты теориялардың бірінің растығын дәлелдей алды. Дәлірегі, жекелеген РНҚ-лардың эволюцияға ұшырайтынын анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу нәтижесі жарияланған Nature Communications мерзімді басылымына сілтеме жаса отырып мәлім етеді. Бұл тарапта күншығыс елінің ғалымдары алғаш рет репликацияланатын (өз-өзін көшіретін), диверсикацияланатын (бөлінетін) және күрделі күйге ене алатын РНҚ молекуласын жасады. Бұл бағыттағы тәжірибе барысында кейбір жекелеген РНҚ-ның қалай күрделі құрылымға айналатынын көрсетіп берді: өзара әрекеті әр алуан болып келетін РНҚ-ның бес түрінен тұратын репликаторлар жүйесінің әлемдегі алғашқы биологиялық молекуланың тіршіліктің бастауы болуы мүмкін күрделі жүйенің пайда болуына ықпал етуі мүмкін дейтін теорияны растай түскендей еді. Бүгінде көптеген тұжырымы қате саналатын Чальз Дарвиннің өздігінен пайда болатын РНҚ-дан күрделі тірі жүйе пайда болады дейтін теорияны растай түскендей еді. Десе де осы заманғы ғылымның жекелеген химиялық молекуланың күрделі тіршілік иесіне қалай айналатыны турасында айғағы да, нақты тұжырымы да жоқ. Кейбір ғалымдар бастапқыда жерде РНҚ-ның ақуыздармен немесе өзге де органикалық заттармен байланысы болмаған молекулалар болған деп пайымдайды. Ғалымдардың топшылауынша, РНҚ сыртқы факторлардың әсерімен мутацияға ұшырап, түрлі бағытта дамыған. Мутация процесінде төзімді молекулалар ДНҚ-ны қалыптастырған. Аталмыш зерттеуге атсалысқан Ре Мидзути есімді ғалымның айтуынша, эволюциялық биологияда бәсекелестік ұғымы кездеспейді, яғни, бірнеше түр бір мезгілде қатар өмір сүр алмайды егер олар бір ғана ресурс үшін бәсекелессе. Яғни, тұрақты әртүрлілікке  қол жеткізу үшін молекулалар әр алуан ресурстарды пайалануы керек дейтін қисынға қайша келмеуі тиіс. Тәжірибе барысында ғалымдар РНҚ молекулаларын бес сағат бойы 37°С температурада майға салынған су тамшыларында инкубациялап (биологияда инкубациялық кезең дегеніміз - белгілі бір даму процесінің өтуі үшін қажет уақыт) көрді, содан кейін ерітінді концентрацияның бестен біріне дейін сұйылтылды, жаңа қоректік заттары бар тамшылармен араластырылды. Ғалымдар бұл процесті бірнеше рет қайталағаннан кейін мутация орын алды. Тәжрибенің 1200 сағатқа (бұл аралықта қоректік заттарды ерітіндіге 240 рет қосты ) созылды. Ре Мидзутидің сөзіне қарағанда, жекелеген РНҚ-лар бір-бірімен бәсекелеспеген, өзара әрекеті әр түрлі болып келетін РНҚ-ның бес түрінен тұратын тұрақты жүйе пайда болған. Бұл жаңалық, дәлірегі, тәжірибенің ғылыми құндылығы неде? Ол жекелеген молекулалардың жасушаны қалыптастыруы мүмкін бе деген сауалға жауап іздеудің алғашқы қадамы ретінде бағалы.

Бейне: Рё Мидзути, Токио университеті

Ұқсас материалдар:

«Жердегі өмір ДНҚ мен РНҚ-ның араласынан пайда болды» деген теория расталды (https://islam.kz/kk/news/gylym/jerdegi-omir-dnq-men-rnq-nyn-aralasynan-paida-boldy-degen-teoriya-rastaldy-14613/#gsc.tab=0);

«Биологтер РНҚ-дан 10 есе көп ақпарат алудың жолын тапты» (https://islam.kz/kk/news/gylym/biologter-rnq-dan-10-ese-kop-aqparat-aludyn-jolyn-tapty-14272/#gsc.tab=0);

«РНҚ-ның бұрын-соңды болмаған видеосы жарияланды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/rnq-nyn-buryn-sondy-bolmagan-videosy-jariyalandy-video-14817/#gsc.tab=0);

«ДНҚ-ның қорқынышты тізбегі...» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/dnq-nyn-qorqynyshty-tizbegi-14681/#gsc.tab=0);

«ДНҚ-ның жасушаға ену барысындағы өзгеше «биі» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/dnq-nyn-jasushaga-enu-barysyndagy-ozgeshe-bii-video-14849/#gsc.tab=0);

«ДНҚ-ны репликациялаушы ақуыздары жоқ организм табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/dnq-ny-replikatsiyalaushy-aquyzdary-joq-organizm-tabyldy-15011/#gsc.tab=0

0 пікір
Мұрағат