Қытайлық ғалымдар маймылдың басын ауыстырды (фото)
Қытайлық ғалымдар маймылдың басын ауыстырды (фото)
9 жыл бұрын 6382 24.kz

Қытайдағы Харбин университетінің ғалымдары маймылдың басын ауыстырудан бірегей операция жасады. Осыған дейін мұндай операция тышқанға жасалып, сәтті аяқталған екен. Қазір жұлыны қалпына келтірілген кеміргіш шауып жүрген көрінеді, деп хабарлайды newscientist.com.

Маймылмен жүргізілген бұл ғылыми тәжірибенің сәтті аяқталуына байланысты адамның басын ауыстырудан жасалатын операцияның мезгілі де жақындап қалған сыңайлы. Себебі атышулы итальяндық нейрохирург Серджио Канаверо  2017 жылдың соңына қарай ресейлік бағдарламашы Валерий Спиридоновтың басын өзге денеге қондырудан операция жасамақ. Канавероның айтуынша, революциялық төңкеріске тең келетін бұл операцияны жасау үшін адамның басы мен денесі суытылады. Сосын қан тамырлары мен жұлынын кесіп, қысқышпен қысып тастайды. Артынша басты донордың денесіне арнайы биожеліммен жабыстырады. Бас пен дененің жалғанған жері әбден бітісіп кетуі үшін дәрігерлер адамды жасанды жолмен естен тандырып, 1 ай бойы сол күйі ұстайды. Басы ауыстырылған адамның өзіне өзі келуі үшін бір жыл уақыт керек болады екен. 

0 пікір
Мұрағат