Қылтанағы жоқ балық тұқымы пайда болды
Қылтанағы жоқ балық тұқымы пайда болды
3 жыл бұрын 3901 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытай биологтері генді түрлендіру тәсілімен мөңке балығының жаңа түрін алды. Артықшылығы – ет арасындағы ұсақ сүйектері (қалтынағы) Болмайды, бұл балықты азық ретінде тұтынуды қауіпсіз етпек. Яғни, балықтың сүйегіне қақалып қалмай етін жеуге мүмкіндік бермек. Бұл жайында islam.kz порталы қытайдың әлемге әйгілі Синхуа ақпарат агенттігіне жөн сілтеген Science and Technology Daily  мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мөңке балығы – сазан секілді ең көп тұтынылатын азық түрі, ол тұшшы суда тіршілік етеді. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, Қытайдың балық шаруашылығы академиясына қарасты Һейлунжан балық шаруашылығының ғылыми-зерттеу институтының (CAFS) мамандары мөңке балығының генін модификациялау арқылы осындай жетістікке жеткен. Мөңке балығы етінің дәмі тіл үйіреді әрі жұмсақ келеді. Алайда, ол ұсақ қылтанағы көп - 1600-ге тарта балықтың ішіндегі қылтанағы ең көп балық ретінде танымал. Бұл аталған балық түрін азық етудің, әсіресе, өнеркәсіптік ауқымда өңдеуде көп қиындық тудырады. 2021 жылы генетикасы өзгертілген мұндай балықтардың тұтас бір ұрпағы өсірілді, олар «табиғи» мөңке сияқты өсіп жетілген.

0 пікір
Мұрағат