Құрандағы мидың құпиясы...
|
Неге қасиетті Құранда адамның маңдай тұсы «өтірікші», «күнәһар» аталған? Неге қасиетті Құранда адамның өзін өтірікші, күнәһар демеген? Адамның маңдай тұсының өтірікпен, күнәмен қандай байланысы бар? Адам басының алдыңғы бөлігінде мидың маңдай тұсындағы учаскесі барын білесіздер. Физиология бұл маңдай тұс туралы не дейді? «Анатомия мен физиологияның негізгі элементтері» деп аталатын кітапта мынадай жолдар бар: «Әрекетті жоспарлау мен бастау үшін мотивация тудыратын әрі алдын ала болжау маңдай тұстағы учаскенің алдыңғы бөлігінде орын алады»,- деп айтылған. Аталмыш кітаптың тағы бір тұсында: «Оның мотивацияға қатысына келсек, маңдай тұстағы учаске – агрессияға бастайтын орталық...», делінген. Пайғамбарымыз Мұһаммед Мұстафаға (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) Қағбада намаз оқуына тыйым салған мүшрікке қарата айтылған, киелі Меккеде түскен «Алақ» сүресінің 15-ші және 16-шы аяттарында: «Жоқ, егер ол, бұдан тыйылмаса, әлбетте кекілінен сүйрейміз», « Өтірікші, күнәкардың кекілінен» (сілтемесі: kk.wikipedia.org) делінген. Сонымен мидың бұл участігі әрекетті жоспарлауға, жақсы немесе жаман мотивацияға, жалған немесе шындықты айтуға жауапты. Сол себепті, қасиетті Құранда бастың алдыңғы бөлігі өтірікке, күнәға бастайтын бөлік ретінде сипатталады. Қасиетті құранда айтылған бұл шындық ғалымдарға бертін келе белгілі болды. Яғни, көп уақыт өте қойған жоқ. Соңғы алпыс жылда ғана ғылымға белгілі болғанын жазыпты аты күллі әлемге мәшһүр эмбриолог, анатомия және жасушалы биология профессоры, медициналық бірнеше кітаптың авторы Кейт. Л. Тур (Канададағы Торонта университетінің ғалымы). Әлемнің сегіз тіліне аударылған оның «The Developing Human» («Дамушы адам») кітабында ұрықтың жатырда даму эволюциясын қасиетті Құранда айтылғандармен байланыстырған. (Бұл енді басқа тақырып). 1984 жылы ғалымның бұл еңбегі жоғары бағаланып, Канададағы анатомия саласындағы ең беделді сыйлық - Гранта сыйлығына ие болды. Бұл сыйлықты канадалық анатомдар қауымдастығы құрған.