|
Қолшатырдың жаңа түрі пайда болды (видео)
|
Авиация инженері Женан Казим (Jenan Kazim) Казбрелла (KAZbrella) қолшатырын жасап шығару үшін 10 жыл уақытын жұмсаған. Ол 3000 жылдық тарихы бар қарапайым қолшатырдың ең басты мәселесін шешкен. Осыған дейін көптеген инженер осы тарапта жұмыс істесе де, ауыз толтырып айтарлықтай нәтижеге қол жеткізе алмаған еді. Женан Казим қолшатырды жинау кезінде адамдардың су болмауын басты назарға алып, оны керісінше жиналатындай етіп жасаған. Бүгінде Казим құрылғыны ресми патенттеп үлгерді. Түрлі өндіріс орындары казбрелланы мыңдап шығаруда. Бұл қолшатыр қазіргі таңда кеңінен сұранысқа ие. Сонымен қолшатырдың жаңа жетілдірілген түрі қалай жұмыс істейтінін бірге тамашалайық.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қытай шөлейттенуге қарсы биотехнологияны қолданады
■
Азия елі сумен жұмыс істейтін батарея шығара бастады
■
Қазақстандықтарға шетелде қиын жағдайға тап болған кезде кім көмектеседі
■
Ғалымдар обырмен күресу үшін иммундық жасушаны қолдан өсірудің жолын тапты
■
Үндістан мұсылмандар көптеп оқуға түскен үшін медициналық колледжді жауып тастады