Қауіпті паразиттің миға жету үшін жасушаларды қалай пайдаланатынын көргіңіз келе ме
Қауіпті паразиттің миға жету үшін жасушаларды қалай пайдаланатынын көргіңіз келе ме
4 жыл бұрын 3426 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Индиана уинверситетінің медицина мектебінің ғалымдары денсаулыққа қауіпті паразиттің адам бойына таралатын кезде науқастың жасушаларын қалай бақылайтынына қатысты тың дерек келтіріп отыр. Бұл жайында islam.kz ақпарат көзі mBio мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл жаңалық өз кезегінде паразиттік инфекциямен күресте жаңа дәрі-дәрмек әзірлеуге көмектеседі. Toxoplasma gondii паразитімен адамзаттың үштен бірі ауырады. Адамдар оны үй жануарынан, дәлірегі, мысықтан жұқтырып жатады. Сондай-ақ, оны таза емес ас пен судан да жұқтырады. Аталмыш паразит адам миына шапса, сол қауіпті – кейде ол адам миында немесе өзге тіндерінде жасырынып жатуы да мүмкін, оңтайлы сәті келгенде, яғни, иммунитет әлсірегенде белсенді әрекетке көшеді. Паразит адам жасушаларын өзге ағзаларға жетіп алу үшін, бейнелеп айтқанда, көлік ретінде пайдаланады. Мұндай инфекциямен, яғни, токсоплазмамен тиімді күресудің маңызды кезеңіне оның бүкіл денеге таралуына жол бермеу жатады. Паразит организмге дендеп ену үшін иммундық жасушаларға өтуге тырысады әрі жасушаларды жылуға мәжібүрлейді, ғылыми тілмен баяндағанда, жасушаларды гипермиграциялық белсенділікке көшугее итермелейді. Осылайша паразит жасушалардан жасушаларға жұғу арқылы өзге ағзаларға жол салады. Ғалымдар бұл тұста аса маңызды мынадай клиникалық мәселеге назар аударып отыр: паразит иесінің жасушасындағы сигнал жүйесін істен шығарады – бұл өз кезегінде IRE1 деп аталатын ақуыздың белсенді әрекетке көшуіне ықпал етпек. IRE1 ақуызы жасушаның өзге орынға жылжығында алатын стреске төтеп беруіне көмектеседі. Токсоплазма зақымдаған жасушада IRE1 ақуызы, бейнелеп айтқанда, жасушаны сау етіп көрсетіп, яғни, оның формасын сақтай отырып, қозғалысын қалыпқа келтіретін құрылымдық ақуыздар желісімен – цитоқаңқаларға қосылады. Токсоплазма IRE1 ақуызы арқылы аталмыш желіні тарта отырып, гипермиграцияға жол ашады, яғни, паразит осылайша денеде тез таралады. Бұл бағыттағы зерттеу нәтижесінен иесі мен патогеннің өзара әрекетін байқап қоймай, сонымен қатар, жасушалардың инфекцияның таралуына қалай жол беретінін аңдай аласыз.

Бұл бейне  көшу, яғни, жылу үшін пішінін өзгерткен жасушадағы Toxoplasma-ның екі түрлі көрінісі

0 пікір
Мұрағат