Қатерлі ісіктің шапшаң өсуінің құпиясы ашылды
Қатерлі ісіктің шапшаң өсуінің құпиясы ашылды
4 жыл бұрын 9610 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Адамзат жыл сайын миллиондаған адамның өмірін жалмайтын онкологиялық ауруларды жеңудің қарсаңында тұр. Бұл жайында islam.кz порталы sciencemag ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Нью-Йорк мегаполисіндегі Слоун-Кеттеринг онкологиялық мемориалды орталығының ғалымдары осыдан табаны күректей 100 жыл бұрын ашылған, қатерлі ісік жасушаларының шапшаң таралу тетігін сипаттайтын құпиясы мол Варбург эффектісінің жұмбағының шешілгенін мәлімдеді. Варбург ашқан эффектіге сәйкес қатерлі ісік жасушалары органимздегі сау жасушаларға қарағанда энергияны өзгеше тәсілмен генерациялайды, яғни, «өндіреді». Бұл қатерлі ісік жасушаларының оттегі жеткілікті болса да глюкозаны шектан тыс жылдамдықпен қарқынды түрде ферментациялау процесімен байланысты. Варбургтың пікірі бойынша бұл қатерлі ісік жасушаларының белсенді жолмен таралуына жол ашатын алғашқы себеп. Слоун-Кеттеринг орталығының таяуда жүргізілген зерттеу иммундық жасушалардың да энергияны генерациялаудың осыған ұқсас тетігін пайдаланатынын көрсетіп берді. Нәтижесінде иммундық жүйеде де, қатерлі ісіктің таралуы кезінде де, яғни, осы екеуінің энергияны генерациялау процесі ұқсас жүретіні белгілі болды. Осыған байланысты ғалымдар геннің LDHA ақуызын бұғаттау арқылы онкологиялық аурумен күресудің тиімділігін арттыруға болатынын алға тартып отыр.

0 пікір
Мұрағат