Қатерлі ісіктің даму барысын болжайтын модел жасалды
Қатерлі ісіктің даму барысын болжайтын модел жасалды
5 жыл бұрын 2415 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ресейлік Перм политехникалық университетінің ғалымдары израилдік әріптестерімен бірігіп пациенттің бойындағы қатерлі ісіктің дамуын болжауға мүмкіндік беретін химиялық-механикалық әрі математикалық моделін жасады. Бұл жаңалық өз кезегінде нақты науқастың дербес емін тағайындауға мүмкіндік бермек. Бұл жайында аталған жоғарғы оқу орнының баспасөз қызметі мәлім етті. Ғалымдардың мәлімдеуінше, обыр аса күрделі экожүйе болып табылады. Қатерлі ісіктің әрқилылығын оның жасушаларының түрлі функция атқаратындығымен байланыстырып түсіндіруге болады. Мәселен, «қорғаушы» жасушалар қатерлі ісікке қарсы бағытталған дәрінің белсенділігі мен тиімділігін бұғаттаса, өзге жасушалар метастаздық өзгешелігіне байланысты «бір орнында тұрмайтын» ерекшелігінің арқасында қатерлі ісіктің одан ары таралуына ықпал етеді. Олардың барлығы өсіп-өну үшін ресурсқа қол жеткізу бағытында бір-бірімен бәсекеге түседі. «Біз бұл процесті бақылай келе математикалық моделді пайдалана отырып, құрылымдық «мінез-құлқын» анықтап көрдік»,- деді аталмыш жоғарғы оқу орнының ғалымы Иван Красняков. Пермдік ғалымдардың бұл моделі қатерлі ісіктің пайда болуына әсерін тигізетін барлық факторды ескереді әрі обырдың бастапқы кезеңінде қандай қатерлі ісік екенін анықтауға мүмкіндік береді. Осылайша науқасқа нақты әрі дертіне қарай  өзіндік ерекшелігі бар ем тағайындалады. Бұл өз кезегінде науқастың дертінен айығып кетуіне септігін тигізеді.

0 пікір
Мұрағат