Қартаюдың үш кезеңі анықталды
Қартаюдың үш кезеңі анықталды
4 жыл бұрын 3943 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

Стэнфорд университетінің (АҚШ) ғалымдары организмнің күнделікті қартаю процесі мен тәннің елеулі өзгерісі орын алатын адам асының үш кезеңін атады. Бұл жайында islam.kz порталы Focus ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Америкалық ғалымдар бұл бағытта жасы 18-95 аралығындағы 4263 адамның қан плазмасын зерттеп көрген екен. Ақуыздардың үш мыңдай түрлі типтерін зерделей келе олардың ондаған жылдар ішінде үлесі өзгермейтінін анықтаған. Алайда, 34, 60 және 78 жастағылардың ақуыз деңгейінде елеулі өзгерістер байқалған. Аталмыш ауытқу өз кезегінде организмдегі тұтас өзгерістермен байланысты болуы мүмкін. Әзірге түсініксізі – ақуыздардың немесе қан құрамының организмнің қартаю процесіне қалай әсер ететіні болып тұр. Десе де тышқанға жүргізілген тәжірибе нәтижесі көрсеткендей, жас кеміргіштің қанын құйса, кәрі тышқанның организміне жағымды әсерін тигізген.

Ұқсас материалдар:

«Қартаю процесінің үш кезеңі аталды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/qartayu-protsesinin-ush-sheshushi-kezeni-ataldy-14059/);

«Кәрілікті тежейтін екі түрлі дәрі жасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/karilikti-tejeitin-eki-turli-dari-jasaldy-15047/#gsc.tab=0);

«Тұңғыш рет адамның қартаю процесін тежеудің жолы табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/tungysh-ret-adamnyn-qartayu-protsesin-tejeudin-joly-tabyldy-14436/#gsc.tab=0);

«Қартаю процесі баялуп келеді» (https://islam.kz/kk/news/gylym/qartayu-protsesi-bayaulap-keledi-14524/); 

0 пікір
Мұрағат