Қараңғылықтан жарық өндіріледі
Қараңғылықтан жарық өндіріледі
5 жыл бұрын 2319 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Бірден айтайық, бұл құрылғы ең алдымен әлі электр жетпеген әлемнің шалғай түкпірлерінде пайдалы. Реверсивтік (былайша айтқанда, «кері» мағынасын беретін термин) күн батареясы түнде жерден бөлінетін жылуды пайдаланады. Ал біз білетін күн батареялары әдетте күннің көзінен қуаттанады, яғни, фотогальваникалық эффекті ретінде белгілі физикалық процесс есебінен энергия өндіреді. Алайда, кейбіреулер ыстық күн мен суық жер арасындағы температура айырмашылығына негізделген баламалы әдіске жүгініп жатады. Осы принцип негізінде Стэнфорд университетінің ғалымдары жаңа құрылғы құрастырып шықты. Өздеріңіз білесізде, түнде жердің беті ауаға қарағанда жылырақ болады. Яғни, біздің планетамыздың өзі жылу көзі болып табылады. Аталмыш құрылғы осы жылуды электрге айналдырады.

0 пікір
Мұрағат