Қараңғыда жарқырайтын, биологиялық тұрғыдан ыдырайтын пластик әзірленді
Қараңғыда жарқырайтын, биологиялық тұрғыдан ыдырайтын пластик әзірленді
5 ай бұрын 908 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Инновациялық әдіс тез ыдырайтын және қайта өңдеуге жарамды жарық шығаратын жартылай өткізгіштерді жасауға мүмкіндік береді. Бұл жайында islam.kz порталы Nature Sustainability мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Америка құрама штаттарының зерттеушілері биологиялық тұрғыдан ыдырайтын люминесцентті полимерді жасап шығарды. Мұндай материал автокөлік дисплейінен бастап смартфон экранына дейінгі көптеген заманауи электронды құрылғыларда қолданылатын кіріктірілген, жарық  шашатын икемді материалдар тобына жатады. Мұндай технология электронды қалдықтарды азайтуға көмектеседі. Технологияның құпиясы арнайы химиялық затқа барып тіреледі – терт-бутил эфирін біріктіруде жатыр. Бұл қосылыс жылу немесе жұмсақ қышқыл әсерінен полимердің тез бұзылуына мүмкіндік береді. Зерттеушілер бұл химиялық заттың жұмыс кезінде және жылдам қайта өңдеу кезінде жоғары деңгейде жарық шығаратын қасиетін атап көрсетті. Ғалымдар құрылғыны жарық көзінің өнімділігінің көрсеткіші болатын материалдың сыртқы кванттық тиімділігін тексеру үшін пайдаланды. Бұл тараптағы талдау нәтижесі 15,1% электролюминесценцияны көрсетті, бұл көрсеткіш барлық ыдырайтын люминесцентті полимерден он есе көп. «Өмірінің» соңында жаңа полимерді асқазан қышқылының рН-ға жақын аздап қышқылдық жағдайында өңдеуге болады. Материал 210 °C жоғары температурада да ыдырайды. Осынау ерекше жобаға атсалысқан Же Сүй есімді ғалымның айтуынша, бұл материал биологиялық тұрғыдан ыдырайтын және функционалдығын (жұмыс істеу қабілнтін немесе қасиетін) жоғалтпай қайта өңдеуге болатындай етіп жасалған.

0 пікір
Мұрағат