Қандағы глюкоза деңгейін анықтаудың инвазивті емес әдісі әзірленді
Қандағы глюкоза деңгейін анықтаудың инвазивті емес әдісі әзірленді
2 жыл бұрын 1763 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Sandy Huffaker / Reuters

Улсан ұлттық ғылым және технология институтының (UNIST) ғалымдары қандағы глюкоза деңгейін өлшеудің инвазивті емес әдісін ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы Scientific Reports  мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Инновациялық технология – тері астына имплантациялауға болатын электромагниттік сенсор жасалды. Құрылғы қандағы қант деңгейінің өзгеруіне байланысты диэлектрлік тұрақтыдағы минуттық ауытқуларды бақылай алады. Датчиктің өлшемі - 15 х 4 мм және жасушалар арасындағы бос орындарды толтыратын сұйықтықтағы глюкоза концентрациясын өлшей алады. Құрылғыда глюкозаның тұрақты мониторингінің қолданыстағы жүйелерінің кемшіліктері жоқ, мысалы, қызмет ету мерзімі қысқа болмайды, сонымен қатар, талдаудың дәлдігін жақсартады. Құрылғы жануарларға қолданылып, сынақтан өтсе де ғалымдар болашақта биологиялық тұрғыдан үйлесімді қабық әзірлеуді және ұзақ уақыт пайдалану үшін организмнің бөгде денеге реакциясын жеңуді жоспарлап отыр, яғни, организмнің имплатацияны жатырқамайтындей етіп жасауды көздеп отыр, бұл өз кезегінде сусамырдан зардап шегетін науқастарды саусақтарын глюкометр бірнеше рет шаншып, қан құрамындағы глюкозаның мөлшерін тексеріп отыру машақаты мен бейнетінен құтқарады.

Қандағы қант деңгейін бақылаудың басқа да артықшылықтары бар ма?

Білікті мамандар қандағы қант деңгейін бақылау өз кезегінде ми қызметінің кейін нашарлауының алдын алуға көмектеседі деген қорытындыға келіп отыр. Қытай мен ағылшын ғалымдары қант диабеті мен қандағы қанттың жоғары деңгейі когнитивті қабілеттің ұзақ уақыт бойы ауытқуына алып келетінін анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы осы тараптағы зерттеу материалы жарияланған Diabetologia мезімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағыттағы 5 мыңнан астам қария қатысты. Ғылыми жұмыс барысында қандағы қанттың орташа мөлшерін көрсететін гликирленген гемоглобин (HbA1c) мен он жылға жуық уақыт аралығындағы когнитивті ауытқулар арасындағы байланыс талданды. HbA1c деңгейі неғұрлым жоғары болса, танымдық қабілеттер соғұрлым тез төмендейтіні белгілі болды. Аталмыш зерттеу барысында сарапшылар холестерин деңгейін, дене салмағының индексін, психикалық күйді, алкогол мен никотинге тәуелділікті, созылмалы ауруларды, білім деңгейін, отбасылық жағдайды және басқа да көптеген факторларды ескерді.

0 пікір
Мұрағат