Қан қысымы мен сусамыр ми құрылымын өзгертеді
Қан қысымы мен сусамыр ми құрылымын өзгертеді
4 жыл бұрын 5038 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Жоғары қан қысымы мен екінші типтегі қант диабеті организмге кері әсерін тигізетіні бегілі, алайда, бұл бағытта арнайы жүргізілген жаңа зерттеу нәтижесі көрсеткендей, аталған аурулар науқастың ақыл-есіне де әсер ететін болып шықты. Аса беделді Оскфорд университетінің неврологы Мишель Велдсман аталған аурулардан, әсіресе, қан қысымынан науқастың ойлау жылдамдығы баяулап, жадысы нашарлайтынын жеткізді. Миды қанмен қамтамасыз ету функциясына әсерт ететін аталған аурулардың өз кезегінде цереброваскуляр ауруларды тудыру қатері жоғары. Яғни, егде жастағы адамдардың алжу (деменция) қатерін арттырады. Осы жолғы зерттеуде аталған аурулардың жастарға қалай әсер ететіні де зерделенген болатын. Осы мақсатта ғалымдар магниттік-резонанстық томографияның көмегімен 22 мыңнан аса жасөспірімнің миын зерттеп көрген екен – дәлірегі, клиникалық, демографиялық және когнитивтік деректерді назарға ала отырып, олардың миындағы сұр және ақ заттардың құрамындағы өзгерістерді іздеген болатын. «Біз мидың маңдай тұсындағысына да, ақ заттың әр бөліктер арасындағы байланысына тұтастай қанмен қамтамасыз ету қарқындылығына әсер ететін кейбір факторларды анықтадық»,- деді Мишель Велдсман. Артынан ғалымдар магниттік-резонанстық томография көмегімен алынған мәліметтерді клиникалық және конгнитивтік деректермен салыстыра отырып, 44-70 жас аралығындағы тәжірибеге қатысушылардың қан қысымы жоғары болатынына әрі оның конгнитивтік функциясына әсер ететінін анықтады. Сондай-ақ, тәжірибеге қатысушылардың 5%-на сусамыр дерті анықталды. Бір қызығы, жасы 70-тен асқандардың бойынан мұндай ауытқу анықталмады. Десе де ғалымдар бұл процестен келетін зардаптың елеулі емесін алға тартып отыр: тек адамның ойлау жылдамдығы аздап баяулап, жадысы нашарлайды. Алжу кезінде болатын дегредацияны еске түсіретін ауытқу байқалмаған. Алайда, ми қызметінің бұлайша нашарлауы қартайғанда зардабын тигізуі мүмкін екенін ескертеді. Десе де бұл процесс орта жастағы адамдарға тән болып отырғанын айтады Оксфорд жоғарғы оқу орнының нейробиолог Масуд Хусейн. Міне, осы жаста бұл процестің одан ары үдемеуіне жол бермеу керектігін көлденең тартып отыр.

0 пікір
Мұрағат