ҚАН ҚҰЮ АРҚЫЛЫ ҚАРТАЮ ПРОЦЕСІН ТОҚТАТУҒА БОЛАДЫ
ҚАН ҚҰЮ АРҚЫЛЫ ҚАРТАЮ ПРОЦЕСІН ТОҚТАТУҒА БОЛАДЫ
10 жыл бұрын 9972

Гарвард медициналық мектебінің профессоры Рудольф Танзи New York Times басылымына берген сұхбатында регенерация мен ағзаның жасаруына қатысты қызықты мәліметті жайып салды. Ғалымдар жүргізген тәжірибе нәтижесі көрсеткендей,  жас қан ағзаның қартаю процесін тежейді. Ғалымдар зертханада тышқандарға тәжірибе қолданған: оларға жас қан құйылған – зақымданған жасушылары қалпына келіп, жүрек-қан тамырларының жұмысы жақсарған әрі мидың қартаю процесі тоқтаған. Бұл зерттеу өткен ғасырдың 50-ші жылдары қолға алынған болатын. Нақтырақ айтқанда, дәрігер Клайва М. МакКея «парабиозис» деп аталатын процедура кезінде екі тышқанның қан тамырлары жүйесін біріктірген. Ғалымның көз алдында тышқан жасарып шыға келген. Бұл процестің құпиясы жас қан құрамындағы протеиндердің жоғары деңгейге жетуінде жатыр. Бұл протеиндер өз кезегінде тозған ағзадағы ствол жасушасының белсенділігін оятқан екен. Ал ол өз кезегінде тозған жасушалардың орнына жаңасын тудырған. Әлбетте, мұндай тәжірибе тек тышқандарға ғана жүргізілгендіктен адамға қалай әсер етенінін ешкім айт алмайды. Десе де, ғалымдардың бұл тәжірибені жүргізудегі мақсаты адамның қартаю процесін тежеуде әрі өмір сүру жасын ұзартуда жатқанын ескерсек, алдағы уақытта бұл бағытта оң нәтижеге қол жеткізіп қалуымыз ғажап емес.  

0 пікір
Мұрағат