Бір ғасырдан кейін 5 мыңнан аса тіл жоғалады
Бір ғасырдан кейін 5 мыңнан аса тіл жоғалады
10 жыл бұрын 3302

The Wall Street Journal басылымында жарық көрген мақаладағы ақпаратқа қарағанда, 2115 жылға дейін алты мыңға жуық тілден тек 600-ы ғана қалатын болады. Зерттеушілерд ең алдымен ағылшын тілінің үстемдік алуынан қауіптеніп отыр. Олардың айтуынша, бұған әр халықтың салт-дәстүрінің әр қилылығы себеп болатынын алға тартып отыр. Яғни, әр елдің өз тілі болатындықтан ағылшын тілінің халықаралық қатынас құралы болып қала беретіні және соған сәйкес үстемдігінен айырылмайтыны да себеп болса керек. Ғалымдар халық саны көп әрі экономикасы қарыштап дамып келе жатқан қытай тілі де мұндай мәртебе ие бола алмайтынын алға тартып отыр. Неге десеңіз, біріншіден, қытай тілі аса ауыр, яғни, өте күрделі тілдердің бірі; екіншіден, бұл елде де ағылшын тілі экономиканы алға сүйрейтін ғылым мен озық техниканың тілі ретінде ағылшын тілі кең қолданысқа ие болып келе жатыр. 

0 пікір
Мұрағат