Қалқансыз желдиірмен жасалды
Қалқансыз желдиірмен жасалды
4 жыл бұрын 2601 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Өздеріңіз білетіндей, жаңғыртпалы энергия көздерінен энергия өндіру әлемнің әр түкпірінде жолға қойылып, кең етек алып келеді. Жаһандық жылыну салдарынан орын алып отырған климат өзгерісімен тиімді күресудің стратегиялық маңызы зор саланың болашағы зор, соған қарамастан жаңғыртпалы энергия көздерінен қоршаған ортаға келетін зиян-залалдың барын да айтып өткенбіз (қараңыз: «Жаңғыртпалы энергия көзі жануарлар әлемінің жауы» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/jangyrtpaly-energiya-kozi-januarlar-aleminin-jauy-13373/#gsc.tab=0); «Жасыл» энергияның қатері қандай?» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/jasyl-energiyanyn-qateri-qandai-12385/#gsc.tab=0); «Экологиялық қауіпсіз жобалардан да жануарлар қырылып жатыр» (сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/ekologiyalyq-qauipsiz-jobalardan-da-januarlar-qyrylyp-jatyr-10508/#gsc.tab=0). Өздеріңіз білесіздер, жаңғыртпалы энергия көздерінің бірі – желден энергия өндіруге мүмкіндік беретін қондырғы ата-бабамыз ұн тартуда пайдаланатын желдиірменге ұқсайды, алайда, оның қоршаған ортаға келтірер залалы мен зияны шаш етектен болғандықтан бұл технология жетілдіріліп келеді (қараңыз: «Жаңғыртпалы энергия көзінен қоршаған ортаға келетін зиянды азайтудың амалы табылды (видео)» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/jangyrtpaly-energiya-kozinen-qorshagan-ortaga-keletin-ziyandy-azaitudyn-amaly-tabyldy-video-14755/#gsc.tab=0). Әдетте желдиірменнің қалқаны желдің екпінінен айналып, өз кезегінде ротордың айналуына ықпал етеді, осылайша электр өндіріледі. Желдиірменнің бұл қалқаны өз кезегінде құстардың қырылуына себеп болып отыр. Айталық, бір ңана АҚШ аумағында жыл сайын желдиірменнен жарты миллиондай құс опат болады. Осыны ескерген Vortex Bladeless испандық компания қалқаны жоқ желдиірмендер жасап шығарды. Бұл жайында islam.kz порталы ZME Science ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Испандықтардың бұл генераторының технологиясы негізінде ауа қатты затқа соғылғанда пайда болатын «құйынды қалыптастыру» мен аэродинамикалық құбылыс жатыр. Қатты жел тігінен тұрған цилиндірді соққан кезде бекітілмеген ұшы шайқатылып, энергия өндіретін болады. Аталған ақпарат көзінің хабарлауынша, Vortex Bladeless компаниясының аталмыш құрылғысының өндірген энергиясы әдеттегі желдиірмен өндіретін энергиядан 30 есе арзанға түскен. Шығыны аз жоба. Аталмыш компания өкілдері бұл жетістікпен тоқтап қалмай, алдағы уақытта тұтас мегаватт энергия өндіре алатындай етіп құрылғыны жетілдіруді көздеп отыр, соның ішінде қондырғының биіктігін 140 метрге дейін жеткізбек.

0 пікір
Мұрағат