Жаңғыртпалы энергия көзі жануарлар әлемінің жауы
Жаңғыртпалы энергия көзі жануарлар әлемінің жауы
4 жыл бұрын 2913 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Жаңғыртпалы энергия көздерін дамыту өз кезегінде жабайы табиғатқа тигізер теріс әсері дәстүрлі энергия көздерінен, яғни, қазба байлықты өндіруден қоршаған ортаға келетін зияннан асып түспесе кем түспейін деп тұр. Былайша айтқанда, биологиялық әр алуандылыққа тікелей қауіп төніп келеді. Жаңғыртпалы энергетиканың 2,2 мыңға тарта обьектісі экологиялық маңызы зор аймақтар мен өңірлерде тұрғызылып қойған. Жаңғыртпалы энергия инфрақұрылымы онсыз да тарылған жануарлардың табиғи тіршілік ету ортасын бүлдіретін болады. Квисленд университетінің ғалымдары осындай пікірде. Олардың бұл бағытта жүргізген зерттеу материалы Global Change Biology мерзімді басылымында жарияланды.Жаңғыртпалы энергия көздері болып табылатын жел, күн және гидроэнергетикалық қондырғылардың шамамен 17%-ы қорықтарда тұрғызылған. Бұдан бөлек, біз сөз етіп отырған баламалы энергия көздерінің инфрақұрылымдық аумағы көмір немесе газ стансасына қарағанда 10 есе үлкен. Яғни, көмір немесе газ кен орнындай энерия алу үшін аталған кен орындарынан 10 есе үлкен аумаққа жаңғыртпалы энергия қондырғыларын тұрғызуға тура келеді. Ғалымдар жаңғыртпалы энергия қондырғыларының картасын сызған болатын. Осынау ұмыстың нәтижесінде мұндай обьектілердің 12,5 мыңы картаға түсірілді. Белгілі болғандай, олардың 2,2 мыңы қорықтарды тұрғызылған. Бұдан бөлек, 169-ы қандай да бір құрылыс жүргізуге тыйым салынған аумақтарда салынған. Атап айтқанда, қорықтарда тұрғызылған жаңғыртпалы энергия қондырғылары Германияда 258 нысан, Испанияда – 248, Қытайда – 142. Бір ғана Непал аумағындағы қорықтарда артық-кемі жоқ 100 гидроэлектр стансасы бар. Аталмыш зерттеуге етекшілік еткен Хосе Робейннің келтірген дерегіне қарағанда, биологиялық әр алуандылығы жағынан маңызды аудандарда тұрғызылған 2200-ден аса жаңғыртпалы энергия обьектілерінен бөлек қазіргі уақытта мұндай қондырғылардың тағы 900-ы тұрғызылып жатыр. Адам аяғы баса бермейтін жабайы табиғат аймақтарында. Осы орайда ғалымдар мемлекет басшылары мен өнеркәсіп жетекшілерін жаңғыртпалы энергия инфрақұрылымын жабайы табиғат пен қорықтарда салмауға үндеп отыр. Біздің тарапымыздан қосарымыз, осыдан аттай алты ай бұрын сайтымыздың жаңалықтар таспасында жарық көрген  «Жасыл» энергияның қатері қандай? (сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/alem/jasyl-energiyanyn-qateri-qandai-12385#gsc.tab=0) материалымызда жаңғыртпалы энергия көздерінің ануарлар мен қоршаған ортаға қандай залал келтіретінін нақты деректер келтіре отырып, кеңінен тарқатып жазған едік. 

0 пікір
Мұрағат