Қалалық жерде желден энергия өндірудің жолы табылды
Қалалық жерде желден энергия өндірудің жолы табылды
3 жыл бұрын 1154 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Joe Doucet / YouTube

Джо Дусе есімді америкалық дизайнерәрі кәсіпкер қалалық жерде желден энергия алудың жолын тапты. Маман тегіс құбыр ойлап тапты. Оны ғимарат қабырғасына орнатуға болады. Бұл жайында islam.kz порталы Fast Company іскерлік мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған конструкция биік тірегі бар (қалалы жерде орналастыру мүмкін емес), үлкен қалқанды жел қондырғысына балама нұсқасы бола алады. Бұл жел генераторы кинетикалық арт-инсталляция секілді көрінеді, ол тігінен қаланған, тік бұрышты алюминді қалақтардан тұрады. Жел қалақты айналдырып, генераторды іске қосады. Дизайнер ені жеті жарым метр және биіктігі екі жарым метр болатын 25 осі бар осындай турбинаның прототипін жасап, оның жұмысының компьютерлік моделін жасады. Кез келген көлемдегі жел генераторын жасауға болады немесе оның көлемін үлкейтуге және кішірейтуге болады – панелдерді бір-біріне жалғап немесе алып тастау арқылы. Джо Дусенің айтуынша, бір ғана құбырдың өзі орташа өмір сүретін америкалықтың электр энергиясына деген жылдық қажеттілігін өтей алады – сағатына шамамен 10 мың киловатт. Компьютерлік моделі осындай нәтиже көрсетіп отыр, ал іс жүзінде қондырғының тиімділігі нақты бір ортадағы желдің екпініне байланысты. Сол себепті, желден қуат өндіру көрсеткіші әр жерде әрқалай болмақ. Бүгінде жаңғыртпалы энергия көздеріне көшіп жатқан ірі мегаполистерде көбінесе күн панелдері арқылы энергия өндіреді. Жел қондырғылары қалалық жерде қолайсыздық тудырады әрі көп орын алады. Бұған құстар желдиірменнің қалақтарына ұрынып мерт болуы мүмкін. Тегіс құбырдың артықшылығы дыбыс шығармайды, оның үстіне, ел назарын аударатын қызықты дизайн ретінде алға шығады. Алайда, кейбіреулер америкалық дизайнердің бұл жобасына сын көзбен қарап отыр, дәлірегі, қалалы жерде жел екпіні бәсең келеді. Дегенмен Стамбұл секілді ірі мегаполисте желден энергия өндіретін құрылғылар жол бойына орнатылған – жүріп келе жатқан көліктің екпінінен пайда болатын жел арқылы энергия өндіреді.

0 пікір
Мұрағат